Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті оқуға түсуші ұлты қазақ шетелдік азаматтар арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында онлайн эссе байқауын өткізеді.
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 тамыз 2022
  • 633

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті оқуға түсуші ұлты қазақ шетелдік азаматтар арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында онлайн эссе байқауын өткізеді.

Құрметті талапкер!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті оқуға түсуші ұлты қазақ шетелдік азаматтар арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында онлайн эссе байқауын өткізеді.

Байқаудың өткізілу тәртібі келесі кезеңдер бойынша жүзеге асады:

       I.             

Байқауға қатысушылардан өтінімдер мен эссе материалдарын қабылдау

01-10 тамыз, 2022 жыл

    II.             

Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау

11-12 тамыз, 2022 жыл

 III.             

Байқау жеңімпаздарын жариялау.

15  тамыз,

2022 жыл

 

Байқауға қатысушыларға «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе жазу ұсынылады.

Эссе жазу барысында эссе жанрының ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптар орындалуы тиіс:

- таңдалған тақырыпқа сәйкестігі – 10 ұпай

- эссе жанрына қойылатын талаптарды сақтауы – 10 ұпай

- эссеге өзекті мәселені арқау етуі – 10 ұпай

- оқушының өзіндік көзқарасы – 10 ұпай

- ішкі мазмұнның бірлігі – 10 ұпай

Жіберілген материалдарды сараптауды арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады.

Іріктеуден өткен материалдар мен жеңімпаздар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ресми сайтында жарияланатын болады (www.korkyt.edu.kz).

Ескерту: Ғаламтордан көшірілген материалдар қарастырылмайды. Эссе көлемі 200 сөзден кем болмауы құпталады. Әр автордың шығармасы компьютермен Times New Roman қарпімен, 1.0 интервалымен, 14-кегльмен терілуі керек. 

Қорытындылау және қатысушыларды марапаттау:

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Білім грантын» иеленеді. «Білім гранты» 1 -ші оқу жылына беріледі, кейінгі оқу жылдарына үлгерімі «Өте жақсы» (А,А-),«Жақсы» (В+,В,В-,С+) болған жағдайда жалғасады.

Байқауға қатысу үшін үміткер recruiting.qorqyt@gmail.com электронды поштасына 2022 жылдың 10 тамызына дейін өтінім (Қосымша 1) мен эссе материалын (Қосымша 2) жіберуі тиіс.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы №15 (бұрынғы Абай даңғылы №66)  Қорқыт Ата атындағы ҚУ-ның 5 оқу ғимараты.

Байланыс телефондары: Смайл Насихат: + 7 776 113 50 11, +7 7242 23 53 92.

Өтінім формасы

Ақпараттық хат

Ереже

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...