Ақын – елдің ардағы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 шілде 2022
  • 314

Ақын – елдің ардағы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Ақын – елдің ардағы» атты Сыр елі айтыс ақындарының басқосуы  өтті. Сонымен қатар, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Қызылорда облыстық филиалы салтанатты түрде ашылды.

Шараға айтыс ақындары мен  жас шәкірттері қатысты.

Айта кету керек,  қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау,  өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу мақсатында университетте "Алтын домбыра" орталығы жұмыс істейді. 
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. 
Одақ филиалының Студенттер сарайында орналасуы жас ақындардың шыңдала түсуіне үлкен мүмкіндік болмақ.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...