«Математика және қолданбалы механика» секциясы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Математика және қолданбалы механика» секциясы

«Математика және қолданбалы механика» секциясы университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты «Жоғары математика» және «Физика және инженерлік механика» кафедраларының негізінде 2013 жылы құрылды.

«Математика және қолданбалы механика» секциясы университеттің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі ретінде білім алушылар арасында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ экономикалық және инженерлі-техникалық мамандар дайындайтын білім бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға бекітілген 25 тен астам пәннен қазақ және орыс тілінде теориялық, практикалық және зертханалық жұмыстарды даярлауды жүзеге асырады.

«Математика және қолданбалы механика» секциясының тарихы 1976 жылы институтта жалпы техникалық пәндер факультеті базасында «Жоғарғы математика және физика» кафедрасы құрылуынан бастау алады.  Алғашқы кафедра меңгерушісі қызметін физика – математика ғылымдарының кандидаты Б.С.Зияханов болды. Аталмыш кафедра негізінде құрылған жалпы физика кафедрасын: 1979-1982 жылдары физика-математика ғылымдарының кандидаты Б.С.Сейсенов; 1980-1984 жылдары физика-математика ғылымдарының кандидаты Ы.Қ.Қарқынбаев; 1985-1992 жылдары физика-математика ғылымдарының кандидаты Ә.Т.Төрешбаев; 1993-1994 жылдары техника ғылымдарының кандидаты Ө.М.Матаев; 1995-1996 жылдары техника ғылымдарының кандидаты Ж.Ы.Ысқақов; 1996-2000 жылдары техника ғылымдарының кандидаты Б.Ж.Жанмолдаев, 2001-2003 жылдары физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Ә.Тұяқбаев, 2004-2006 жылдары физика-математика ғылымдарының кандидаты В.Б.Рыстығұлова; 2006-2007 жылдары техника ғылымдарының кандидаты А.Т.Үргенішбеков; 2008-2011 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін физика математика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор Е.А.Әбжанов атқарды.

«Математика және қолданбалы механика» секциясының қалыптасу тарихында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған ұлағатты ұстаз, қазақ тілінде жарық көрген көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы М.Б.Жолымбетовтің орны ерекше. Теориялық механика, материалдар кедергісі пәндерінен дәріс берген ғалымның тәлімге толы тағылымды ғұмыры өз ұжымдастарына үлгі болып қалмақ.

«Жоғары математика» кафедрасы Жамбыл гидромелиоративтік –құрылыс институтының Қызылорда филиалы құрамында 1980 жылдың маусымында қаланды. Алғашқыда кафедра құрамында 2 ғылым кандидаты, 9 оқытушы болды. Кафедрада педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Р.Ким, аға оқытушылар Р.Әлімов, Л.Т.Тәшімов, Р.Ө.Рахметова, Е.Ә.Әбжанов, К.Р.Мырзатаева, Е.А.Батырбаев, Б.К.Омаров, Б.Ж.Жанмолдаев, Т.Б.Ділман және т.б. оқытушылар жұмыс жасады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып физика-математика ғылымдарының кандидаты Ы.Қ..Қарқынбаев тағайындалды. Қарқынбаев Ысқақ Қарқынбайұлы 1971-1980 жылдар аралығында Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда  педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушылық қызметтерде болды. 1979 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің мамандандырылған ғылыми кеңесінде «Исследование слабо нелинейных систем с переключением и систем с импульсным воздействием» тақырыбында физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғады. 1980-1989 жж Жамбыл гидромелиоративтік –құрылыс институты Қызылорда филиалында жаңадан ашылған «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі болды. 1990-2002 жж қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, Қарқынбаев Ысқақ «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «В.И.Лениннің туғанына 100жыл толуына арналған мерейтойлық медалімен (1970ж), «Астанаға 10жыл» мерейтойлық медалімен (2008ж) « Халық депутаттары облыстық Кеңесінің құрмет грамотасымен» (1986ж), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен (1996ж),  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен(2009ж) марапатталған.

Әр кезеңдерде секция жетекшісі болып физика-математика ғылымдарының кандидаты Ә.Т.Төрешбаев, экономика ғылымдарының кандидаты Р.Ө.Рахметова, техника ғылымдарының  докторы Б.Ж.Жанмолдаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты Е.А.Әбжанов,  физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Ә.Тұяқбаев, А.Ж.Сейтмұратов, Г.Ш.Асқарова жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі қызметін экономика ғылымдарының кандидаты Ж.Т.Джалбирова атқарады.

Экономика ғылымдарының  докторы, профессор Рахметова Рахила Өмірзаққызы қазіргі таңда Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің «Қолданбалы математика» кафедрасының профессоры қызметін атқаруда.

Қазіргі таңда «Математика және қолданбалы механика» секциясында 1 ғылым докторы (Б.Ж. Жанмолдаев) , 7 ғылым кандидаты (Е.Ә. Әбжанов, Т.Б. Ділман, А.Т. Үргенішбеков, Ж.Т. Жалбырова, Г.Ш. Асқарова, А.Ө.Абуова, А.Қ. Қалыбаева), 2 аға оқытушы (З.М. Байекеева, Д.Ж. Жанысова), 8 ғылым магистрі (О.И. Тұрсыматова, М.М. Дильмаханова, Г.М. Маханова, А.Б. Аймырзаева, Қ.Қанибайқызы, А.Қ. Смаханова, А.Ж. Мадельханова,  С.А. Джарова) қызмет  атқаруда. 

Ғылыми бағыттар: Тұтқыр серпімді ортадағы толқындық процестерді температура әсерін ескере отырып математикалық және компьютерлік модельдеу; Арнаулы қисықтар үйірі үшін интегралдық геометрия есебі шешімінің жалғыздығы мен орнықтылығы; Орта және жоғары мектептерде оқу процесін ұйымдастыру барысында физика мен математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі; Экономикалық көрсеткіштерді зерттеуде математикалық модельдерді қолдану бойынша ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстары жүргізіледі.

Жетістіктер мен марапаттар

Соңғы 2020-2022 жылдарда ғалымдарыдың 2 оқу құралы: Жалпы физика курсы (Үргенішбеков А.Т., Тұрсыматова О.И.), Мектеп математикасының таңдамалы есептері мен теоремалары (Жанмолдаев Б.Ж., Смаханова А.Қ.), 1 монография: Изотропты пластиналардың температураға байланысты тербелістері (Үргенішбеков А.Т.), 2 әдістемелік нұсқау: Электр және магнетизм» оқу зертханалық кешенінде орындалатын жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау (Үргенішбеков А.Т., Тұрсыматова О.И., Дільмаханова М.М.), Есепті шығару тəсілдерінеүйретудің тиімді жолдары (Қанибайқызы Қ.), 3 онлайн курс(ЖАОК) және 5 электронды оқулық дайындалды. Кафедра оқытушы-профессорларымен өздері жүргізетін пәндері бойынша 9 пәннен 72  бейнесабақтар түсіріліп, әлеуметтік  желіге жүктелінді.

Оқытушыларының басшылығымен «Математика және қолданбалы механика» білім беру бағдарламалары «Тереңдетіп оқыту мектебі» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме 3 секциядан құралған: «Ізденуші» (студенттер); «Жас физик» (мектеп оқушылары); «Жас математик» (мектеп оқушылары). Үйірмеге физика және математика пәндеріне қызығушылығы бар студенттер мен оқушылар қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша конференцияларға, ғылыми жобалар сайысына қатысып, 2020-2021 оқу жылында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының бірінші кезеңіне (НИРС) 5 жұмыс нәтижеге қол жеткізді. Үш студент І дәрежелі диплом (Қанат А.Қ, Ковалев Т., Тобжан П.), бір студент ІІ дәрежелі диплом (Русланова А.Р.), соның ішінде студенттердің ғылыми жобалар сайысының республикалық сайысынан бір студент ІІІ дәрежелі (Қанат А.Қ.) дипломмен марапатталды.

Оқушылар арасында да бірнеше жетістіктер бар. Профессор, т.ғ.д. Б.Ж.Жанмолдаевтың шәкірттері жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының Математика бағытынан III дәрежелі дипломға, Қарағанды қаласында 2021жылдың 16-19 қарашада өткен XIV президенттік республикалық олимпиадада математикадан II орын иеленіп, күміс медаль алды

Сондай-ақ, білім алушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу және ғылыми-зерттеу еңбегіне қызығушылығын арттыру мақсатында физика және математика пәндерінен,  «Математика» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өткізу дәстүрге айналған.

«Математика және қолданбалы механика» секциясы «Механика және молекулалық физика» «Электр және магнетизм» «Оптика және атомдық физика» және «Математикалық модельдеу зертханалармен жабдықталған.

Оқытушы профессорлар құрамы біліктілік деңгейін арттыру мақсатында бірнеше семинар-конференцияларға белсене қатысып, біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Ғылыми зерттеу бағыттары бойынша мақалалар жариялануда. Сондай-ақ, оқытушылар Москва мемлекеттік құрылыс университетінің теориялық механика және аэродинамика кафедрасымен, РҒА Сібір бөлімшесі Математика институтымен және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен тығыз ғылыми байланыс жасайды. Жас ғалымдар шетел тілдерінің курстарынан өтіп, болашақ бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуға дайындалуда.

 

Байланыстар


501.png Джалбирова Жайнаған Тастанбекқызы                
___________________________________              

Секция жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

503.png Jainagan_1975@mail.ru                                               

 telephone.png    8 777 256 9751

Профессор-оқытушылар құрамы

Джалбирова Жайнаған Тастанбекқызы

  • Лауазымы: Секция жетекшісі, аға оқытушы,экономика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Джанмулдаев Бахитжан Джамаладинұлы

  • Лауазымы: Профессор, техника ғылымдарының докторы
  • Ақпарат

Әбжанов Ералы Әбдіғаппарұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, физика –математика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ділман Төребай Бимағанбетұлы

  • Лауазымы: Доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы

  • Лауазымы: Доцент, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Абуова Асылзат Өмірсерікқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Қалыбаева Ақмарал Құнанбайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Тұрсыматова Оразкүл Исақызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Джанысова Дарига Джанысовна

Байекеева Захира Мырзагелдіқызы

Маханова Гулфайруз Мейрманқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Дильмаханова Ментай Мирзабекқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Қанибайқызы Құндызай

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Маделханова Алия Жүсіпназарқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, математика магистрі
  • Ақпарат

Аймырзаева Айжахан Блаловна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Смаханова Айжан Қорғанбекқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, математика магистрі
  • Ақпарат

Қаймақбаева Айман Райханқызы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...