«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламалары тарихының негізі Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты  ректорының 1996 жылғы 5 қыркүйектегі №461 бұйрығына сәйкес құрылған «Электротехника және автоматика» кафедрасынан бастау алады. 1997 жылы кафедра еңбек қауіпсіздігі инженері мамандарын дайындайтын «Өндіріс орындарын электрмен жабдықтау» кафедрасы болып қайта құрылып, 2000 жылы кафедра жанынан  инженер-электрик мамандығы ашылды.
2016-2017 оқу жылында «Электр энергетикасы»  және  «Өміртіршілік қауіпсіздігі және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» кафедраларын біріктіру жолымен «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламалары болып қайта құрылды.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесі отырысы хаттамасы негізінде университеттің 31.08.2022ж. бекітілген штаттық кестесіне 01.09.2022 жылдан бастап «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының атауы «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасы болып өзгертілді.
1996-2022 жылдардағы меңгерушілер:
1996-2002 жылдары т.ғ.к.,профессор Матаев У.М.
2002-2005 жылдары т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сыдыкова Г.К
2005-2015 жылдары т.ғ.к., аға оқытушы Тайманов С.Т.
2015-2016 жылдары т.ғ.к., аға оқытушы Баймаханова З.А.
2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сыдыкова Г.К басқарып келеді.
 
> «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
Бакалавриат
6В07155 - Электр энергетикасы
Білім алу траекториясы №1: Электрмен жабдықтау
Білім алу траекториясы №2: Электр энергетикасындағы релелік қорғаныс және автоматика
Білім алу траекториясы №3:Электр стансалары
Minor бағдарламасы: Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар
6В11279 – Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Білім алу траекториясы №1: Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
Білім алу траекториясы №2: Төтенше жағдайдағы қорғаныс
Minor бағдарламасы: Өндірістік  қауіпсіздіктегі ақпараттық технологиялар
6B05283 – Экология және табиғатты пайдалану
Білім алу траекториясы№1: Экологиялық мониторинг
Білім алу траекториясы №2: Табиғатты ұтымды пайдалануды басқару
Minor  бағдарламасы: Экологиядағы және табиғатты пайдаланудағы ақпараттық жүйелер
6B07189 - «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы
Білім алу траекториясы №1: Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру
Білім алу траекториясы №2: Техникалық жүйелердегі интеллектуалды басқару
Minor бағдарламасы: Сандық қосалқы стансалар
Магистратура
7М07155-Электр энергетикасы (Жаңартпалы энергетика);
7М11279 – Өмір тіршілігінің қаупсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (Техносфералық қауіпсіздік);
7М05247 – Экология.
 
Білім беру бағдарламасының жетістіктері мен марапаттары

«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламалары меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Г.К.Сыдыкова 2019 жылы Федеративті Германия Республикасы Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университетінде Қазақстан-Германия бірлескен жобасы аясында «GeKaVoC - «Логистика, мехатроника және Қазақстандағы тұрақты энергиямен қамтамасыз ету» бойынша кәсіптік және техникалық оқыту технологиясының трансферті» атты Халықаралық жобаға қатысты. Жоба аясында түскен қаражатқа 2021 жылы 17 наурызда  қуаты 5 кВт күн-жел электр станциясы салтанатты түрде ашылып, өндіріске енгізілді. Қазіргі таңда №5 оқу ғимаратының аумағын электрмен жарықтандыруды қамтамасыз етуде. Абжалелов Бахытбек Байдосұлы 2009 жылы «Болашақ» халықаралық Президенттік стипендиясының иегері, ҚР БҒМ ЖОО-ның үздік оқытушысы-2012ж.», 2016 жылы Еуропалық ғылыми–өнеркәсіп палатасының Алтын медалі иегері, 2017 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты аталған. 2021 жылы кафедра меңгерушісі Сыдыкова Гулнар Кудайбергеновна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің «Құрмет грамотасымен», Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен марапатталған. Сондай-ақ кафедра оқытушылары Б.Б.Абжалелов,  Г.К.Сыдыкова, Н.Б.Ермухановалар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік оқытушы» медалімен марапатталды.
Студенттер жетісітктері:
2018жылы - Қарағанды қаласы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өткен студенттердің Х Республикалық пәндік олимпиадада БЖ-15-1 тобының студенті Төлеген Айым «Өміртіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша I орын, 2019 жыл - 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының студенті А.Төлеген 3 курста - «Elite» кадрлық холдингі ұйымдастырған (Алматы қ.) «Үздік студент - 2017» конкурсының жеңімпазы болды және 4 курста – «Бөбек» жалпы ұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен өткен байқауында «ТМД Үздік студенті – 2019» атанды, 2019 жылы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі кафедрасының базасында өткен студенттердің ХI Республикалық пәндік олимпиадада БЖ-16-1 тобының студенті Нұрғали Елдос «Өміртіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша III орын, 2020 жылы - Қарағанды қаласы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өткен студенттердің ХII Республикалық пәндік олимпиадада БЖ-17-1 оқу тобының студенті Тұрғанбек Расул жүлделі I орын, 2021 жылы – Қарағанды қаласы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өткен ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасында БЖ-19-1 оқу тобының студенті Мақаш Жарқын «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша ІІ орын, 2021 жылы - Қарағанды қаласы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өткен ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасында БЖ-18-1 оқу тобының студенті Балғараева Гүлбакыт «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша ІІІ орын, 2021 жылы – Павлодар қаласы, Торайғыров университетінде өткен ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасында ЭЭ-18-1 оқу тобының студенті Құсманбет Балхаш Ерқозұлы ІІІ орын, 2021 жылы- БЖ-17-1 тобының студенттері Абдрахман Парасат пен Мәстетбай Қуаныш Қазақстан Республикасы жоғары оу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, 2021 жылы - ЭЭ-19-1 оқу тобының студенті Бакытжанова Жаркынай Ганиевна Болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша "Самұрық-Энерго" АҚ-ның республикалық олимпиадасында "Электр техникасының теориялық негіздері" пәнінен ІІ орын, 2022 жылы- – Қарағанды қаласы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өткен ХІV Республикалық пәндік олимпиадасында БЖ-20-1 оқу тобының студенті Омар Жансая «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Белсенді білім алушылар
- Астана Халықаралық форумында “Электр энергетикасы” БББ 2-курс магистранты Құлтан Исламбек Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің атынан барды.
- "Назарбаев Университеті" ДББҰ құрған "National Conservation Initiative" корпоративтік қоры 2012 жылы әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыс жасайды. Қор жыл сайын ірі университеттермен серіктестікте Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде Climate Week Республикалық студенттік фестивалін өткізуде. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология БББ жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сыдықова Гүлнар Кұдайбергенқызының жетекшілігімен 4 білім алушы (БЖ-22-1 студенті Мауленов Қосан, ЭЭ-21-3М(з)оқу тобының магистранты Махсұд Жасұлан, ЭЭ-21-1 оқу тобының студенті Орынбаева Гүлзат , Э-21-1 оқу тобының студенті Акмурзаева Жанель) климаттың өзгеруі және экологияны дамыту мәселелерін зерттеуге фестивальге қатысуға шақырту алды.
- ЭЭ-23-3 оқу тобының білім алушысы Сағнадинұлы Нұрадин «Жастар Рухы» ұйымының орынбасары.
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 6В11279 - Төтенше жағдайдағы қорғаныс (Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) мамандығы бойынша 4-курс студенті Жақсыбай Нұратай Сағынбайұлы үздік оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға да  белсенді түрде араласып, көптеген жетістіктерге жеткен.
- Н.С.Жақсыбай ғылыми жұмыстармен айналысып, ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындармен, алғыс хаттармен марапатталып жүр. Институттың белсенді тобының мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға қатысып, ұйымдастырушылық қабілетімен де танылды. Н.С. Жақсыбай көптеген ізденістері мен талпыныстарының нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің төс белгісімен марапатталды.
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Призиденті – Елбасы кітапханасы өткізген вебинарында «Болашаққа жол өзіңнен басталады» жобасы үшін Алғыс хат иеленді.
3. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Ардагер ұстаз – Қорғанбек Смаханов» атындағы  «Математика» пәнінен олимпиадаға қатысып, жүлделі 1 орын иеленді.
4. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты бөлімінің басшысы Ж.Бимұратқызының Алғыс хатымен марапатталды.
5. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің «Жаңа Қазақстан және студенттердің ғылыми шығармашылығы» атты XXIV ғылыми конференциясының «Заманауи энергетика және тіршілік қауіпсіздігінің перспективалары» атты секциясы бойынша 1 дәрежелі Дипломымен марапатталды.
6. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының университетішілік 1-кезеңінде 6В11278-«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша 1 дәрежелі Дипломымен марапатталды.
7. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының Республикалық 2-кезеңінде 6В11278-«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша 2 орын алған.
8. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің XIV Республикалық пәндік олимпиадасына 5В073100/6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» оқу бағдарламасының «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
9. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әскери кафедрасында ҚР Тәуелсіздік күніне арнап өткізілген взводаралық спорттық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 1 орын алған №211 оқу взводының взвод командирі  Н.Жақсыбай Мақтау қағазымен марапатталды.
10. Халықаралық студенттер одағы мен Жалпыұлттық «Бөбек» қорының ұйымдастырылумен өткізілген ТМД елдерінің IV Халықаралық талантты студенттердің кітап жинағында автобиографиясы жарық көріп, «Үздік студент ТМД–2022» төсбелгісімен және 1 дәрежелі Дипломымен марапатталды.
11.«QOSYL» қалалық жастар орталығының директоры А.Басаровтың Алғыс хатымен марапатталды.
12.Қазақстан студенттерінің альянсы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Қуандықтың Алғыс хатымен марапатталды.
13. «Inno Fest Qyzyiorda 2021» инновациялық идеялар фестиваліне қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
14. Киберспорттан өткен «ALASH VIBE CUP III CS:GO» турнирінде үздік ойын көрсеткені үшін дипломымен марапатталды Э-20-1 оқу тобының білім алушысы Жантөре Рая университетіміздің бірқатар олимпиадаларының жүлдегері.
Э-20-1 оқу тобының білім алушысы Жантөре Рая
1. Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастырумен өткен Халықаралық студенттік «Экология және табиғатты қорғау» пәндік олимпиадасында III орын
2. Коркыт Ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің «Жаңа Қазақстан және студенттердің ғылыми шығармашылығы» атты XXIV ғылыми конференциясынын «Өндіріс саласындағы инновациялық технологиялар және экология» секциясынан III орын
3. ZIAT ғылыми-әдістемілік орталығы  «Ғылым шарайнасы» атты XIII Республикалық Колледж және ЖОО сиуденттерінің  ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында I орын
4. «Жаңа Қазақстан және студенттердің ғылыми шығармашылығы» XXIV студенттердің ғылыми шығармашылығы және жетістіктері көрмесі байқауының «Тұрақты даму мен экологияға қосқан үлес» номинациясы бойынша Диплом
5. “Жаңа Қазақстан және студенттердің ғылыми шығармашылығы” XXV студенттердің ғылыми- тәжірибелік конференциясы, “ Заманауи энергетика және тіршілік қауіпсіздігі перспективалары” секциясы бойынша университеттік ғвлыми-зерттеу жұмысы кезеңінен III дәрежелі Диплом
студенты - 2.jpg студенты - 3.jpg студенты - 4.jpg
 
 
Халықаралық байланыстар

Республикамыздағы, ТМД мемлекеттеріндегі және алыс шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, институттарымен және университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Атап айтар болсақ:  Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университеті (Федеративті Германия Республикасы), Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей Федерациясы, Челябинск), И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік ммұнай және газ университеті (Ресей Федерациясы, Москва), Қазан мемлекеттік аграрлық университеті,  М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Өзбекстан), Санкт-Петербург ақпараттық технология, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті (Санкт-Петербург қ.), Тракия университеті  (Болгария), Ресей ғылым академиясының Қазан ғылыми орталығының А.Е. Арбузов атындағы органикалық және физикалық химия институты (Ресей Федерациясы), Ядролық зерттеулердің біріккен институты (Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Дубна қаласы)  т.б.
Шетелдік оқу орындарымен байланыстар
- «ТИИИМСХ» ҰЗУ, Өзбекстан;
- «Паннония» университеті, Венгрия;
- «А.Туполев атындағы Казань техникалық университеті» (РФ);
- Дубна қаласы, Біріккен ядролық зерттеулер институтының М.М.Франк атындағы нейтронды физика зертханасы;
- Әзірбайжан техникалық университеті, Баку қ.

Шетелдік оқу орындарымен байланыстар - 2.jpg Шетелдік оқу орындарымен байланыстар - 3.jpg Шетелдік оқу орындарымен байланыстар - 4.png
 
Тәжірибелік базасы

Төмендегі өндірістік орындармен тығыз байланыс орнатқан. Білім алушылар  өндіріс қызметкерлерімен кездесулер, олармен эксперименттік база ретінде оқу процесін,  өндірістік іс-тәжірибелерді өтуде.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ;
«Қызылорда жылу электр орталығы» МКК;
«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ;
Қазақэнергиясараптама - Қызылорда ЖШС;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі; «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Қызылорда филиалы;
Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті;
«Энергосервис» ЖШС;
«КОР мұнай компаниясы» АҚ.
ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда облысы бойынша филиалы;
«Eco-Guard» ЖШС;
«Сыр Арал Сараптама» ЖШС;
Қызылорда облысы бойынша экология департаменті.
 
Өндіріс орындарымен байланыс

Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология білім беру бағдарламасында бүгінгі таңда қолданыстағы 4 білім беру бағдарламасы бар. Осы БББ бойынша дуалды оқыту жүйесі ұйымдастырылып, білім алушылар практикалық және теориялық білімдерін ұштастырып, өндіріспен байланыстырып жүр.
6В07155 – Электр энергетикасы
6В07155-Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша "Жоғары кернеу техникасы" пәні бойынша ЭЭ-20-1 оқу тобы және "Электр станциялары мен қосалқы станциялар" пәні бойынша ЭЭ-21-1,3 тобының білім алушылары дуалды білім беру бағдарламасымен "Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы" АҚ және "КТЭЦ" МКК-да дәріс, практикадан өтеді. Практика мамандар: Калменова Г.А., Нуратдинов К.Т.
Дуалды - 2.jpg Дуалды - 3.jpg Дуалды-1.jpg
6В11279 - Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
БББ-ның дуалды білім беру жүйесі - оқу орындарындағы оқытуды өндірістік іс - әрекетпен ұштастырып қарастыратын білім беру жүйесі.
Дуалды оқытудың басты мақсаты – өндірісте жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан түлекті даярлау. Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісіп, оны жоғары кәсіби деңгейде орындай алатын маман даярлау.
Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология кафедрасында бүгінгі таңда қолданыстағы 3 білім беру бағдарламасы бар. Осы БББ бойынша дуалды оқыту жүйесі ұйымдастырылып, білім алушылар практикалық және теориялық білімдерін ұштастырып, өндіріспен байланыстырып жүр.
6В11279 - Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасы, БЖ-20-1 оқу топтарының студенттері “Өнеркәсіптік-азаматтық нысандардағы өрт-жарылыстан қорғаныс” пәні бойынша Қызылорда қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінен практикалық сабақ өтуде.
Сабақ барысында жаңа ақпараттармен танысып және теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыруда.
Практик маман: азаматтық қорғау подполковнигі Қаюпов Жандос Қайнарбекұлы
практика - 3.jpg практика - 1.jpg практика - 4.jpg
6В05283 – Экология
Білім беру бағдарламасы бойынша «Радиациялық экология» пәнінен Э-20-1 оқу тобының білім алушылары Дуалды білім беру бағдарламасымен Ұлттық сараптама орталығында дәріс, практика өтеді. Ұлттық сараптама орталығының жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Калиева Ф.И.
WhatsApp Image 2023-12-01 at 15.53.02.jpeg WhatsApp Image 2023-12-01 at 15.53.05.jpeg WhatsApp Image 2023-12-01 at 15.53.05 (1).jpeg
 
Форсайт сессиялар

«СLIMATE СHANGЕ» форсайт-сессия
Инженерлі-технологиялық институты, «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология»білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен Академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Өзбекстан Республикасы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінен арнайы шақыртылған профессорлар мен жұмыс берушілердің қатысуымен «СLIMATE СHANGЕ» форсайт-сессиясы болып өтті.
Іс-шара қонақтары Алтиев Абдурашид Султанович, т.ғ.д., профессор, Турсунов Обид Бобокулович т.ғ.д., профессор, Радкевич Мария Викторовна т.ғ.д., профессор, Роберто Болтри Орталық Азиядағы БҰҰ еріктілерінің итальяндық ардагері және жұмыс берушілер болды.
«Климаттың өзгерісі» форсайт-сессиясында «Электр энергетикасы», «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Экология», «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары топтасып климаттың өзгеруі жайлы постерлерде өз ұсыныс-пікірлерін ортаған салып, пікір алмасты.
Шетелдік оқу орындарымен байланыстар -5.jpg Шетелдік оқу орындарымен байланыстар-1.jpg
 
Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуға шақыртылуы

«Экология», «Электр энергетикасы», «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының білім алушылары мен магистранттары «TotalEnergies EP Kazakhstan» компаниясының «TotalEnergy EP Тұрақты даму мектептерінің» 5-ші шығарылымының «Мұнай-газ саласындағы еңбекті қорғауға байланысты тәуекелдерді басқару» тақырыбында семинардан өтіп, сертификат алды.
Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуға шақыртылуы - 1.jpg Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуға шақыртылуы - 2.jpg Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуға шақыртылуы - 3.jpg
Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуға шақыртылуы - 4.jpg Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуға шақыртылуы - 5.jpg Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуға шақыртылуы - 6.png
«Жас-электрик» зертханасы                                           
 
 
Байланыстар

501.png Сыдыкова Гүлнар Кұдайбергенқызы
___________________________________              
Білім беру бағдарламасының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
503.png sydykova77@mail.ru                                             
 telephone.png    8 701 112 0202
 
 

Профессор-оқытушылар құрамы

Сыдыкова Гүлнар Кұдайбергенқызы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Тайманов Смайыл Тамшыбайұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Кұрманбаев Ғалымжан Бекзолдайұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Махамбаева Индира Утепбергенқызы

  • Лауазымы: Аға окытушы, физика-математика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Сарабекова Ұлбосын Жанғабылқызы

Абжалелов Бақытбек Байдосұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, биология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Асқарова Гульзат Шакирбековна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ермұханова Нұржамал Бахитжанқызы

Тлегенов Абай Бақытжанұлы

Шегенбаева Райхан Күмісбекқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Нуржанова Диляра Бекмұратқызы

Ташимова Алия Айтмаханқызы

Сиханова Нұргүл Сағындыққызы

Тоғызбаева Нұрила Әбілқайырқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, химия ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Кужамбердиева Светлана Жүргенбайқызы

Баймаханова Зейнегүл Айдарқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Нұрғабылова Агила Шарапқызы

Темірбек Айжан

Құлтан Исламбек Берікұлы

Әбсадықова Тұрсынай Бақытжанқызы

  • Лауазымы: Окытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Айтуғанова Айша Меңлібайқызы

Арыстанбек Ақбота Бақытжанқызы

Төлеген Айым Ержанқызы

Балходжаева Гүлайым Раушанбекқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Жансерікқызы Ақнұр

Гүлдана Бекзадақызы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...