«Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасы

2022 жылдың 1 қыркүйегінде университет Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде «Инжинирнгтік технологиялар және экология» кафедрасының атауы «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасы болып өзгертілді.
«Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламалары «Мұнай газ инжинирингі» және «Экология және химиялық технологиялар» кафедраларының біріктірілуі негізінде қайта құрылған. Меңгеруші қызметіне техника ғылымдарының кандидаты Н.С. Сүлейменов тағайындалды. Білім беру қызметін 13 ғылым кандидаты Н.С. Сүлейменов, П.А.Танжариков, Ғ.Д. Байманов, А.М. Жабагиев, Н.А. Абильдаев, Т.Ж. Жұмағұлов, Н.Х Ахметов, С.Т.Абдрахманов, К.Х. Дәрмағамбет, М.Ф. Файзуллаева, Н.О.Аппазов, Н.А.Ахатаев, Н.Ә. Тоғызбаева, 2 PhD - философия докторы С.С. Сейтжанов, Н.И. Акылбеков, 6 ғылым магистрі Л.Е. Юсупова, А.Т. Ержанова, А.Т. Байниязова, С.М. Аппазова, А.Д. Нұрман, Ж.М. Өмірзақ және 4 өндіріс орындарынан практик мамандар Хорасан – U ЖШС мекемесі директорының орынбасары Б. Айдүйсенов, «КазГерМунай»БК ЖШС–ң Геология бөлімінің басшысы PhD Д.А. Ахметов,  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ң Көмірсутегі қорын есептеу бөлімінің басшысы А.С. Алдажар, «ҚОР» Мұнай компаниясы АҚ-ң модельдеу инженері Д.Н. Нұрланов  жүргізеді. Профессор оқытушылар құрамынан  П.А.Танжариков (2008 ж.),  К.Х. Дәрмағамбет (2008 ж.), Т.Ж. Жұмағұлов (2014 ж.), Н.О. Аппазов (2017 ж.), Н.И. Ақылбеков (2020 ж.) «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері.
 
>  «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
Бакалавриат 
6B07154 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы
6B07158 - Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
6B07261 - Мұнай газ ісі
6B07262 - Тау-кен ісі
6B07263 - Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау
6B07264 - Пайдалы қазбаларды байыту
Магистратура
7М07153 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
7М07158 - Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) 
Оқу процесін жүзеге асыру үшін мамандандырылған зертханалар мен аудиториялардан тұратын материалдық-техникалық базасы қызмет етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен: Конденциялық емес және жаңа шикізаттар түріндегі  өндірістердің  қалдықтарын бағалы өнімдерге өңдеу технологияларын  жасау; Суды тазартудың технологиялық аспектілерін жасау; Көпметаллды  және көмірсутекті  шикізаттарды  кешенді  өңдеу; Қызылорда облысының мұнай қалдықтарымен ластанған топырақтарды рекультивациялау; Қызылорда облысының тұзданған топырақтарын өсімдіктермен тазарту; Арал өңірінің экологиялық мәселелері; Метацидтің коллоидты поликомплекстерінің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу; Аса жоғары жиілікті сәулелендіру жағдайында практикалық пайдалы карбон қышқылдарының күрделі эфирлерінің синтезін жасау; Мұнай және газ ұңғымаларын тиімді аяқтау технологиясы; Мұнай және газ кен орындарын тиімді игеру бағыттарында жүргізіледі.
 
Халықаралық байланыс
Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми, шығармашылық байланыста. Бұл қатарда: Ресей Федерациясының И.М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ университеті, Г.К.Скрябин атындағы Микроағзалар биохимиясы мен физиологиясы институты, Ресей Ғылым академиясының Жасушалар биофизикасы институты, А.Е.Арбузов атындағы Органикалық және физикалық химия институты, Сколково ғылым және технология институтымен, Ухта мемлекеттік технологиялық университеті, Пекин қаласындағы Қытай мұнай университеті, Лиссабон Жаңа университеті (Португалия); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетімен, Атырау мұнай газ институтымен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Микробиология және вирусология институтының Қызылордадағы «Қолданбалы микробиология» филиалы бар.
 
Өндіріс орындарымен байланыс
«Хоросан- U» ЖШС, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «КазГерМунай»БК ЖШС, «OrdaGlass LTD» ЖШС, «Гео Инжиниринг Қазақстан» ЖШС, «REEF Центробежные технологии» ЖШС, «Нұрлы Құрылыс Қазақ елі» ЖШС, «МегаСтройИнвест» ЖШС, «Аналит Продактс» ЖШС, «Физика-техникалық институты» ЖШС, «ҚОР» Мұнай компаниясы АҚ, «СНПС АйДанМұнай» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ және тағы басқа өндіріс мекемелерімен тығыз ғылыми және әріптестік байланыс орнатылған.
Студенттер оқу-өндірістік іс-тәжірибелерін аймақтағы ірі өндірістік компаниялар: «ПеторҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ҚазГермұнай» БК» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ,  «ҚуатАмлон Мұнай» БК» ЖШС, «Ай-Дан Мұнай» АҚ, «ҚОР» ЖШС, «Хоросан- U» ЖШС, "Қызылорда аз тонналық мұнай өндеу зауыты" ЖШС, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК), «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ақ берен» қызылорда филиалы базасында және т.б. көптеген мұнай өндіру, пайдалану, тасымалдау мекемелерімен кәсіпорындарында өткізеді.
 
Байланыстар

501.png Сулейменов Нұржан Сұлтанұлы            
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты

503.png nurzhan_suleymen@mail.ru                                     

 telephone.png    8 705 222 4101

 
 
Мекен жайы: Кызылорда қаласы, Абай даңғылы,66, Қорқыт Ата атындағы ҚУ, № 5 оқу ғимараты.
Индекс: 120000/Телефон: 8 7242 239117, (ішкі 123)
 

Профессор-оқытушылар құрамы

Сүлейменов Нұржан Сұлтанұлы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы

Дәрмағамбет Клара Хайроллақызы

Файзуллаева Мария Файзуллақызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Таңжарықов Панабек Абсатұлы

  • Лауазымы: Профессор, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлы 

  • Лауазымы: Жаратылыстану институты директоры, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, химия ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ақылбеков Нұрғали Икрамұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор (доцент)
  • Ақпарат

Жабағиев Аслан Мұхамедиярұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Әбілдаев Нұрлан Әлімханұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Аппазова Салтанат Маратқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Юсупова Лена Ергенбаевна

  • Лауазымы: Аға оқытушы,техника және технология ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Жұмағұлов Темірбек Жамедұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ахметов Нұрлыбек Хамзаұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Тұрманов Рахымжан Ахметханұлы

  • Лауазымы: Химия ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Байниязова Ақмарал Таскарақызы

Нұрман Айдана Дарханқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Сейтжанов Сакен Серікбайұлы

Ержанова Айгүл Тұралықызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Өмірзақ Жаңабек Мақсұтұлы

Серікбаев Ербол Әлібекұлы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...