«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы

«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы 1998 жылы Қорқыт Ата атындағы гуманитарлық университеті мен И.Жахаев атындағы политехникалық институтының бірігуі барысында аталмыш оқу орындарындағы «Жоғарғы математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасымен «Қолданбалы математика және есептеу техникасы» кафедрасының бірігуі нәтижесінде  пайда болған. Білім беру бағдарламалары Қорқыт Ата атындағы университеті қабырғасында біршама уақыт дербес жұмыс атқарды, «Жоғарғы математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» кафедрасы деп аталса, ал «Қолданбалы математика және есептеу техникасы» кафедрасы – «Қолданбалы математика және  автоматтандырылған жүйелерді басқару» кафедрасы болып аталды. Осы екі кафедраның бірігуінен «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» (2005ж.) кафедрасы туындады, 2017 жылдан бастап «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламалары кафедрасы деп аталады.
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламаларын 2005-2011 жылдары ҚР Оқу ісінің үздігі медалі (1999 ж.), ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері (2007ж.), ҚР БҒМ «Игілік. Абырой. Даңқ» атты «Еңбек ардагері медалі» (2019ж.), еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және белсенді ғылыми жетістіктері мен ерен еңбегі үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік ғылыми қызметкері» (2019ж.) атақтарының иегері, ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ә.Т.Төрешбаев басқарды.
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы 2011-2016, 2018-1019 жж. «Жыл ғалымы» (2009ж.) номинациясының иегері, «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2013ж.), т.ғ.к. Қ.Қ.Дәуренбеков  басқарды.
2016-2017 жж. кафедра басшылығын PhD докторы С.И.Ибадулла қолға алды.
2019 жылдан бері PhD докторы Н.Б.Қоңырбаев басқарып келеді.
 
>  «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
Бакалавриат 
Магистратура
 
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының миссиясы

Білімнің, біліктің және кәсіби дағдылардың бәсекеге қабілетті деңгейіне ие, инновацияларға бейімделген, нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, Қазақстанның мемлекеттік мекемелері және одан тыс жұмыс орындарында табысты қызмет етуге дайын IT технологиясы саласында жоғары білікті маманды дайындау.
 
> Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары
 
Халықаралық байланыс

- Лодзь университетімен (Польша);
- Акдениз университеті (Түркия); Магдебург  университеті (Германия);
- Ховест университеті  (Бельгия);
- Куала-Лумпур университеті Малайзия, Ресей Федерациясының;
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;
- Мәскеу авиациялық институты;
- Ұлттық зерттеу университетінің жоғары экономика мектебі;
- Ресей халықтар достастығы университеті;
- И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетімен;
- Ресей ғылым академиясының «Информатика және басқару» Федералдық ғылыми орталығы;

 

Академиялық ұтқырлық

Медиатека


- Акдениз, Сакария университеті(Түркия);
- Лодьз университеті (Польша); Ховест университеті  (Бельгия);
- Тракия университеті (Болгария);
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алды.
 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Ғылыми-зерттеу жұмыстары IT-салаларын қамтитын әртүрлі  бағыттарда жүргізіледі, атап көрсетсек, Робототтық техникалар, ақпараттық қауіпсіздік, үлкен деректерді талдау, бағдарламалау технологиялары, web-бағдарламалау үдерістері, компьютерлік желілер, аспан  механикасы  және  космостық  динамиканың фотогравитациялық есептерінің математикалық және компьютерлік модельдерін зерттеу, сингулярлы ауытқу жүйелеріндегі тербелмелі процесстер, космостық жүйелердегі хаостық тербелісті басқару және көтеріңкі потенциалды робастты орнықты басқару жүйелерін талдау әдістері, экономикадағы ақпараттық технологиялар және т.б.
Оқу процесіне шетелдік және отандық ғалымдар да тартылған. Атап көрсетсек, т.ғ.д., профессор Е.А.Черткова ("Экономиканың Жоғары Мектебі" Ұлттық зерттеу университеті); т.ғ.д., профессор А.И. Дивеев (Ресей халықтар достастығы университеті); магистр Аура Мария Танасэ (Румыния); статистика магистрі Тайс Бенс Хоп (Гумбольт университеті, Германия);  т.ғ.к. Софронова Е.А. (Ресей Ғылым Академиясының "Информатика және басқару" зерттеу орталығы); автоматтандыру және басқару саласының магистрі, аға талдаушы Казарян Д.Э. (ООО «Инити», Мәскеу); PhD Ж.А.Есенбаев (Назарбаев Университеті «National Laboratory Astana»  мекемесінің  ғылыми қызметкері). Оқу процесіне теория мен практиканың ұдайы  ұштасуы мақсатында өндірістен де мамандар шақырылады. Оған Болатбаев Н.А. («Казаэронавигация» Республикалық МК, телекоммуникация инженері), PhD  Алменова А.Б. (Қызылорда облыстық әкімшілігі, «Ақпараттық қауіпсіздігі» бөлімі басшысы), PhD Ибадулла С.И. (Қызылорда облыстық әкімшілігі, «Ақпараттық технологиялар орталығы» директоры),  Қуанышбаев А.Ж. («Бағдарламалау мектебі» ЖШС директоры), Ибраева Ж. Қ. (IT park, ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маман) мысал бола алады.
Ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру мәселесі де шет қалған емес. 2017 жылы профессорлы-оқытушы құрамының ұйымдастыруымен G-global платформасының 1 республикалық жастар конкурсы аясында «Болашақтың айқын жолы: Қазақстандағы жасыл экономикасының IT технологиялары» онлайн конференциясы өткізілсе,  2021 жылы Еуропалық Одағының Эразмус+ бағдарламасының «Информатика саласындағы PhD докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталығы» «ACeSYRI» жобасы аясында «Заманауи ақпараттық технологиялар және жүйелерді компьютерлік модельдеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізілді.  Алғашқы конференция отандық ғалымдарды біріктірсе,  кейінгі конференцияға шетелдік  және отандық оқу орындарының ғалымдары мен зерттеушілері қатысты. Атап айтсақ, Н.Рильский Оңтүстік-Батыс университеті (Болгария), Oтто-фон Герике-Университеті (Германия), Жилин университеті (Чехия), Ұлттық және әлемдік экономика университеті (Болгария), Биоресурстар және табиғатты пайдалану ұлттық университеті (Украина), Ресей Ғылым Академиясының "Информатика және басқару" зерттеу орталығы, Ресей халықтар достастығы университеті, Тракия университеті (Болгария), Алматы технологиялық университеті, Сулейман Демирель атындағы университет, ӘльФараби атындағы ҚҰУ, Л.Н. Гумивев атындағы Еуразия ұлттық университеті, К.И.Сәтпаев атындағы ҚҰТУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Назарбаев университеті.
Оқытушылар мен білім алушылар ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында «National Laboratory Astana» жеке мекемесімен бірлескен жоба орындады (2020ж). Бүгінгі күні білім беру бағдарламалар мүшелері Магдебург  университетінің қолдауымен «GeKaVoc - «Логистика, мехатроника және Қазақстандағы тұрақты энергиямен қамтамасыз ету бойынша кәсіптік және техникалық оқыту технологиясының трансферті» атты бірлескен жобасының жүзеге асуына атсалысуда. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Erasmus+ K2 бағдарламасы аясында «PhD докторанттары мен жас зерттеушілерге арналған информатика орталығы» - «Информатикадағы докторанттар мен жас зерттеуілердің кеңейтілген орталығы» (ACeSYRI) ғылыми зерттеулерді бастады. Жоба аясында 2021-2022 оқу жылының 9 маусым күні «Оқу процесіндегі цифрлық трансформация және қолданбалы бағдарламалауды қамтамасыз ету» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді
2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға Конкурсы (ҚР БҒМ) негізінде «Исследование и разработка методов машинного обучения робототехнических систем»., тақырыбында жоба жүзеге асырылуда. Жоба жетекшісі – PhD Н.Б.Қоңырбаев. Жоба орындаушылары кафедраның аға оқытушылары С. Ибадулла., А.О.Дәуітбаева, А.Б.Бексейітова және А.Қайырбек. Шетелдік профессор-консультант Ресей Ғылым Академиясының "Информатика және басқару" зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Дивеев А.И.
Жобаның мақсаты робототехникалық құрылғыларды басқаруды синтездеу мәселелерін шешу үшін символдық регрессияның белгілі сандық әдістерін зерттеу және дамыту болып табылады. Басқару объектілері ретінде мобильді роботтар мен квадрокоптерлер қарастырылады. Роботтарды басқарудың барлық міндеттері басқару синтезі есептері түрінде тұжырымдалады, оны шешу үшін символдық регрессияның әртүрлі әдістері қолданылады. Сонымен қатар гранттық қаржыландыру аясында алдағы жылдары материалдық техникалық жағдайын нығайту жоспарлануда.
 
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламаларының білім алушылары ғылым саласына өз үлестерін қосып, жетістіктерге жетуде. Атап көрсетсек, республикалық «TarMPI CUP - 2015» зияткерлік чемпионаты (Ж.Әлім, ІІІ орын), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім-2016» атты XI халықаралық ғылыми конференциясы (Е.Абдыкаиров, II дәрежелі диплом), «World Skills Kazakhstan» облыстық конкурсы (2017ж, Д.Сүлейменов, І орын),  Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен республикалық пәндік олимпиада (Н.Жүсіп, ІІ орын), V Республикалық «Жас ғалым» атты оқушылар мен студенттердің ғылыми  жүмыстар сайысы (Ө.Туралы, І орын, Е.Нұрділдаев, ІІ орын), 2016 жылы Жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған  республикалық байқауы (2016ж, Б.Бакимжанов, З.Тайышева, ІІІ орын),  Smart QYZYLORDA:   Цифровая транформация  региона HACATHOT (О.Абдуллаев,  ІІІ орын, 50 000 теңгелік сертификат), Kyzyzlorda Business Hub StartUp Weekend Online іріктеу кезеңі (2020ж, О.Абдуллаев, сертификат), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізілген пәндік олимпиада (А.Мырзағұлова, ІІІ орын, 2021ж), INNOFEST QYZYLORDA прототиптен жобаға инновациялық идеялық фестивалі (2021ж, С.Темірболат). Д.Болатбек «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы: ҚР Жастарының «Алтын кітабына» енгізіліп, «Алтын төсбелгімен» марапатталды. 2021 жылы А.Қайырбек университет ректорының жас ғалымдарға, магистранттарға бөлінген грантын (2 500 000 млн) ұтып алды және Халықаралық жас ғалымдар ассоциациясының ұйымдастыруымен «Бөбек Жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігінің «Үздік жас ғалым-2021» медаль иегері атанды. 2021 жылы білім алушылар «ETU Robocon» Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында робототехникадан Республикалық Чемпионатқа қатысты.
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламаларының материалдық базасы жетілдіріліп, заманауи технологиялармен  жабдықталған: ІТ-әлем зертханасы,  Робототехника және 3d модельдеу зертханасы, Компьютерлерді модернизациялау зертханасы, Huawei ICT academy Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу зертханасы, Linux зертханасы, Ақпараттарды қорғау және криптография зертханасы және «Инклюзивті оқыту» компьютерлік кластары.
 

Тәжірибелік базасы


Төмендегі өндірістік орындармен тығыз байланыс орнатқан. Білім алушылар  өндіріс қызметкерлерімен кездесулер, олармен эксперименттік база ретінде оқу процесін,  өндірістік іс-тәжірибелерді өтуде.
 
- Қызылорда облысы Цифрлық технологиялар департаментінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ
- «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы
- «ТрансТелеком» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы
- «Электромонтаж автоматика» ЖШС
- Қызылорда облысы әкімдігінің ақпараттық технологиялар басқармасы
- «Грандмастер» бағдарламалау мектебі
- «Қызылорда облыстық оқу орталығы», «Даму» Даму Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша облыстық филиалы
- «Қазпочта» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы
- «ҚазТрансГаз» АҚ «Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы
- «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
 
Материалдық-техникалық база
Кафедрада зертханаларды қазіргі заман талабына сай компьютерлік техникамен, жаңа ақпараттық технологиялармен, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге үнемі назар аударылады және санитарлық нормаларға, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға, біліктілік талаптарына және білім беру бағдарламаларының жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған.
 
Жалпы компьютерлер саны – 84.
 
Зертханалық сабақтарда білім алушылар оқытушылармен бiрге тiкелей кафедра жанындағы компьютерлік аудиторияларда  жаңа процессоры екі ядролық  Intel Core і5 /2.5. Ггц, ЖЕСҚ- 8 Гб, HDD - 500 Гб, мониторлары -  LCD SAMSUNG-933 18.5" және 20″  жұмыс істейді. Жалпы кафедраға қатысты 8 зертханалық сыныптар жаңа үлгідегі компьютерлермен, моноблоктармен жабдықталған. Арнайы  «3D принтинг» және «Робототехника негіздері» пәндеріне арналған 3D принтерлер және 3D сканермен жабдықталған. №309 «Робототехника және 3D модельдеу»  зертханасы ашылып- роботтар Ultimate Robot Kit V2.0 4, Turtlebot3 Burger – 2, Robotis Turtlebot, базалық жиынтығы LEGO Mindstorms Education EV3, квадрокоптерлер оқу процесінде қолданыста. Осы оқу жылы роботтар толықтырылып, жаңаланды. Зертханада дронның еркін ұшуы үшін қауіпсіздік торы да бар, практикалық сабақ өткізу мақсатында сонымен қатар магистірлік диссертациялық жұмыстарға және дипломдық жобалар орындау мақсатында зерттеу жұмытарына пайдалануға  мүмкіндік туғызады.
 
Кафедраның материалды-техникалық базасы жүргiзiлетiн зертханалық жұмыстар жоғары оқу орнының типтiк, білім беру бағдарламаларына, жұмыс оқу жоспарларына, және қойылған талаптарына сәйкес келедi.  Барлық құрал-жабдықтарды білім алушылар оқытылған пәндеріне сәйкес  зертханалық жұмыстарды, компьютерді жөндеуге бағытталған видео-онлайн сабақтарды, дәрістерді орындау барысында пайдаланады.
 
№№311, 313, 310, 312, 309, 307, 315б  компьютерлік кластарда және дәрісханада интерактивті тақта мультимедиалық проекторымен оқу процесінде қолданылады. Жалпы саны интерактивті тақталардың мультимедиалық проекторымен кафедрада – 8.
 
«Wi-Fi локальді сымсыз желілерді құрастыру және қолдану», «Кабелді желілерді монтаждау және реттеу», «Криптографиялық жүйелер», «Желілік қауіпсіздік»  оқу-зертханалық құрылғы  кешендері оқу барысында  пайдалануда. Барлық компьютерлік класстар  жергілікті желімен қамтылған.
 
Кафедрада №307 зертханада «IT-alem» жұмыс үстелінің желілік тренажері (12 дана) 2 академиялық кезеңінде БББ пәндерінің зертхана сабақтарына қолданылады.
 
Қазіргі уақытта кафедрада екі 3D Picaso DesignerPRO250 принтері, 3D RangeVisionSmart сканері, RiconSP200s көпфункционалды қондырғы, проекторлар, Canon 6030, LaserJet P1102W  лазер принтерлері  бар.
 

 

Зертхана мен дәрісханалар нөмірі

Зертхана мен дәрісханалар атауы, өлшемі, сыйымдылығы

1.

№315б

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу зертханасы

55,5 ш.м., 24 орын

2.

№313

Ақпаратарды қорғау және криптография зертханасы,

50,2 ш.м., 13 орын

3.

№310

Лаборатория модернизации компьютеров,

34,8 ш.м., 10 орын

4.

№307

«ІТ АLEM» зертханасы

33,9 ш.м., 10орын

5.

№312

Linux зертханасы

50,2 ш.м., 24 орын

6.

№310а

Оқу шеберханасы

13,8 ш.м.,

6 орын

7.

№311

Huawei  зертханасы,

44,4 ш.м.,

30 орын

8.

№316

Дәрісхана залы,

143,0 ш.м.,

90 орын

9.

№309

Робототехника және 3D модельдеу зертханасы

69,6 ш.м.,6 орын

10.

№106

Компьютерлік сынып (инклюзивті оқыту),

30,2 ш.м.,

9 орын

 

 

Байланыстар


501.png Қоңырбаев Нұрбек Беркінбайұлы
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор, PhD

503.png n.konyrbaev@mail.ru                                             

 telephone.png    8 777 344 0114

 
 

Профессор-оқытушылар құрамы

Қоңырбаев Нұрбек Беркінбайұлы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор., PhD
  • Ақпарат

Төрешбаев Әбділда Төрешбайұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к.
  • Ақпарат

Дәуітбаева Айгүл Оспанқызы

  • Лауазымы: Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Төлегенова Эльмира Нұрланқызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, экономика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Адранова Әселхан Бағдатқызы

Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы

Альменова Ақмарал Байжанқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты, PhD
  • Ақпарат

Турлугулова Нұржанар Әбсаматқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, жаратылыс ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Сүлейменова Саламат Темірбекқызы

Мырзамұратова Аида Әскербекқызы

  • Лауазымы: Техника және технология магистрі
  • Ақпарат

Есиркепова Айжан Өмірзаққызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының магистр
  • Ақпарат

Мырзаев Раматилла Сүлейменұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, математика магистрі
  • Ақпарат

Бексейтова Айнұр Болатбекқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Өтеген Гүлзат Жаңабайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, жаратылыс ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Ашимова Мөлдір Ерболатқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Насырадин Бақытбек Қазыбекұлы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Әбілдаева Жансая Теңелқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Мырзатай Али Алтынбайұлы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Өмірзақова Фариза Нұрділдақызы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Әлиасқар Әсия Сағындыққызы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Кабдолдина Назым Оралханқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника және технология магистрі
  • Ақпарат

Дербесал Әсем Ғалымжанқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Тұңғышбай Сархан Ғалымжанұлы

  • Лауазымы: Оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Алданазарова Роза Калкузқызы

  • Лауазымы: Зертхана меңгерушісі
  • Ақпарат

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...