«...Жазса Тарас Днепрді, Жазса Пушкин Еділді. Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді»,- деп, туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін «Сырдария» өлеңімен жеткізген қазақтың қадірлі ұлы, ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаевтің 110 жылдығына арналған «Сырда туған сырбаз ақын» тақырыбындағы әдеби кеш Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы жанындағы Ә.Қоңыратбаев атындағы үйірме мен университеттің ғылыми-техникалық кітапханасы қызметкерлері бірлесе ұйымдастырды. Әдеби кешке кафедраның оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң №1 студенттер жатақханасында «Филология, тарих және құқық» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы ғылыми-техникалық кітапхананың №1 оқу ғимаратындағы бөлімімен бірлесе ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жазылар естеліктер мен туралы..» тақырыбында жас ақындар мүшайрасын өткізді.
2019 жылдың 29-30 қаңтар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында ғылыми-техникалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жаңа кітаптар» көрмесі өтті.
2018 жыл 21 желтоқсанда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында «Жаңа кітаптар» көрмесі ұйымдастырылды.