Қош келдіңіздер!

Таңдау - Сізден,

Сапалы білім - Бізден.

Жарқын болашақ кепілі

Ел болашағы – білікті маман

2018 жылдың 13 наурыз күні Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде орналасқан №172 орта мектепте «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Г.Ш. Асқарова, «Мұнай-газ инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты А.М. Жабагиев және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Н.А. Турлугулова  10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектеп кітапханасына сый ретінде танымал жазушылардың, соның ішінде жергілікті авторлар мен университет оқытушыларының кітаптары табысталды, университет бейнеролигі көрсетіліп, мамандықтарының лифлеттері мен буклеттері таратылды. Сондай-ақ, кездесу барысында университетіміздегі білім мен ғылымның инновациялық жетістіктері туралы, атап өтілді: үш тілді білім беру бағдарламасының жүзеге асуы, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықтың (білім алушылардың Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуы, Отандық және шетелдік ғалымдардың студенттерге дәріс беруі), қос диплом алу бағдарламасы және университеттің оқу зертханалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының соңғы үлгідегі заманауи қондырғылармен жабдықталуы, дене тәрбиесі сабақтарының әдемі жолға қойылған, яғни спорт секциялары түрінде ұйымдастырылатыны және тағы басқа мәселелер туралы айтылды.
Кездесу соңында мектептегі ұстаздар мен оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді және оқушылар мен іс шара қонақтары естелік суретке түсті.

Хабарландыру

Талапкер - 2018

Университет тарихы

Университетіміздің тарихы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Университет тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті

1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді.
1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді.
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды.
1994 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды.
1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты

1976 жылдың 13 шілдесі – Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ).
1990 жылдың 15 қарашасы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпан – Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына оқытушы-профессорлар және студенттер ұжымының ұсынысымен, сондай-ақ қала жұртшылығының қолдауымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамыры – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
1998 жылдың 24 наурызы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

JoomShaper