Қош келдіңіздер!

Таңдау - Сізден,

Сапалы білім - Бізден.

Жарқын болашақ кепілі

Қарттарды наурыз мерекесімен құттықтады

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен және университеттің педагогикалық факультетінің белсенді студенттері мен «Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының өнерлі студенттері Қызылорда қаласындағы Ардагерлер үйінде наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шараға факультеттің аға тәлімгері С.Ж. Ералиева жетекшілік етті.

«Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының студенттері - Қуаңбаев Әділхан, Әлиасқар Рахман, Теңізбаев Айбек, Бүркітбаева Ақсұңқар, Өмірзақ Жанболат, Өтенова Тоқжан, Жанәділ Ақерке, Ізбасхан Дәулетхан наурызға арнайы арнау әндерін, Базар жыраудың, Тұрмағанбеттің термелерін домбырамен және сырнаймен құйқылжыта көңілді әуендерді орындап, ардагер-қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Соңында Ардагерлер үйінің аумақтық орталық директоры – Төребаев Жазылбек сөз сөйлеп, университет ұжымына және ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлына алғысын жеткізді. Ал кеш соңында ардагерлер ұйымдастырушыларға батасын берді.

 

Хабарландыру

Талапкер - 2018

Университет тарихы

Университетіміздің тарихы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Университет тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті

1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді.
1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді.
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды.
1994 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды.
1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты

1976 жылдың 13 шілдесі – Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ).
1990 жылдың 15 қарашасы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпан – Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына оқытушы-профессорлар және студенттер ұжымының ұсынысымен, сондай-ақ қала жұртшылығының қолдауымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамыры – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
1998 жылдың 24 наурызы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

JoomShaper