Қош келдіңіздер!

Таңдау - Сізден,

Сапалы білім - Бізден.

Жарқын болашақ кепілі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Университетіміздің соңғы жаңалықтары

Тағылымға толы жиын

2018 жылы 1 ақпан күні Еркін Әуелбеков атындағы №4 Облыстық дарынды балалар мектеп интернатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры, п.ғ.к. К.Сәдуақасқызының 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ұстаз - ғалым» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

Кездесу кеші К.Сәдуақасқызының "Жүрек жырлары" өлең кітабының желісінде жүргізілді. Оқушылар әр тараудан өлеңдер оқып, би билеп, ән айтты. Сонау соғыс жылдарының қиын қыстау күдерінен қойылым көрсетіп, кешті нәрлендірді. Дарынды, білімді балалар актерлік шеберліктерін де керемет көрсете білді. Кеш иесі К.Сәдуақасқызы оқушыларға аналық және ұстаздық ақыл-кеңестерін айтып, білім алуға қажетті оқу құралдарын сыйға тартты. Кездесуге К.Сәдуақасқызының әріптестері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушылары т.ғ.к. Ш.О.Еспенбетова., қауым.проф.м.а. Г.Т.Балықбаева, п.ғ.к. К.Ш.Арынова қатысты. К.Сәдуақасқызының әріптесі, ізбасары п.ғ.к., К.Ш.Арынова К.Сәдуақасқызын мерейтойымен құттықтап, Балзия Әбдікәрімқызы басқарып отырған үлкен ұжымға, дарынды оқушыларға алғыс білдіріп, білім додасында әрдайым жоғары жетістіктерімен көзге түсулеріне тілек білдірді.

Хабарландыру

Талапкер - 2017

Университет тарихы

Университетіміздің тарихы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Университет тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті

1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді.
1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді.
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды.
1994 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды.
1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты

1976 жылдың 13 шілдесі – Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ).
1990 жылдың 15 қарашасы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпан – Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына оқытушы-профессорлар және студенттер ұжымының ұсынысымен, сондай-ақ қала жұртшылығының қолдауымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамыры – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
1998 жылдың 24 наурызы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

JoomShaper