Елбасы Жолдауы – кемел келешекке сенімді қадам

2018 жылғы 7 ақпанда Филология, тарих және құқық факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасына қарасты Ж-17-1; Кял-17-1 оқу топтарының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын жастар арасында нәсихаттау бағытында М.Шоқайтану ҒЗО-да дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Филология, тарих және құқық факультетінің деканы, т.ғ.к. С.Т.Тайман, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ғ.Ә.Тұяқбаев, факультеттің аға тәлімгері Ә.Мүйденова, кафедраның аға тәлімгері К.С арышова және «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, т.ғ.к. Н.К.Мыңжас, орталықтың бөлім басшылары, ф.ғ.к. С.Қ.Қосан, ф.ғ.к. Б.Әбжет, п.ғ.к. Ә.Ж.Әбдіқалықова, ф.ғ.к. Г.Ш.Әшірбекова және кафедраның оқытушы-профессорлары мен студент-жастар қатысты.
Жиынды кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. Ғ.Ә.Тұяқбаев жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ғабит Әнешұлы өзінің кіріспе сөзінде жиынға қатысушы қонақтармен таныстыра келіп, Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталды. «Жыл сайынғы Жолдау – ең алдымен жастардың жарқын болашағы үшін жасалып отырған құнды құжат. Елбасының Жолдауындағы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз үшін жастарға, білімге жүктелер жүк маңызды», - деп атап өтті ол өз сөзінде.
Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» орталығының директоры т.ғ.к. Н.К.Мыңжас: Елбасының бастамасымен қолға алынып, біздің өңірімізде алғаш болып ашылған «Рухани жаңғыру» орталығының жұмысымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, елімізге дамудың жаңа сапасы қажет екендігін, Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол бірінші кезекте төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуге тиіс екендігін жастарға кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде факультет деканы т.ғ.к. С.Т.Тайман кездесудің студенттер үшін маңызы зор екендігін тілге тик етті. «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, п.ғ.к. Ә.Ж.Әбдіқалықова Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын, рухани жаңғыру, рухты жаңғырту, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, педагогикалық тәрбие сынды мәселелерге кеңінен тоқталды. Орталықтың бастамасымен жастарға арналған бірнеше жобалардың жүзеге асып жатқандығын айта келіп, жастарды белсенді атсалысуға шақырды. Орталықтың бөлім басшылары Б.Әбжет, Г.Әшірбекова жуырда телестудия ашылатындығын, жастарды рухани жандандыру бағытында түрлі жұмыстар атқарылатындығын атап өтіп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Кял-17-1 оқу тобының тәлімгері Г.Оралова, Ж-17-1 оқу тобының тәлімгері А.Жолмаханова жиын барысында Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Ал, топ белсенділері Жалғасбекұлы Шерния, Скғит Дәулет, Ахбай Ратбек, Рысмахан Альмира, Тілеу Жаңсаялар сөз сөйлеп, жастар Елбасының кезекті Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін, ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат екеніне тоқталып өтті. Болашақ шығармашлықты және педагог маман ретінде студенттер Елбасының білім саласындағы реформаларына қызығушылық танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, талқылау жасалынды.

JoomShaper