«Қысқы мектеп» аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2018 жылығы 5 ақпан күні Шоқайтану орталығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі Құқықтану бағыты бойынша Академиялық кеңестің «Қысқы мектеп» аясында «Құқықтану мамандығы бойынша білім беру үдерісінің сапасын арттыру мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Семинарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құқықтану бағыты бойынша Академиялық кеңестің мүшелері және кафедраның ғалым-оқытушылары мен студенттер қатысты. Семинардың мақсаты:Құқықтану мамандығындағы мамандар даярлауда білім беру үдерісіндегі сапаға мән беру және оны арттыру және тәжірибе алмасу болып табылады. Семинардың модераторы академиялық кеңестің төрайымы, з.ғ.к., М.К.Жусупбекова жүргізді. семинарда болашақ заңгер үшін маңызды мәселелер қарастырылды. Мәселен, «Құқық қорғау органдары пәні бойынша студенттердің алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру» тақырыбымен спикер Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.К.Муйденова, «Заманауи Қазақстандағы құқықтық білім беру мен құқықтық тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбымен спикер кафедра аға оқытушысы, з.ғ.к. А.А. Мадалиева, «Төртінші өндірістік революция аясындағы сыбайлас жемқорлықпен превентивтік күрес мәселелері» спикер кафедра оқытушысы, магистр Е.К.Саниязова, «Эмоциялық стресс және оны жеңу жолдары» тақырыбымен спикер: Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы А.ЖАяғанова баяндама жасаса, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. Қаржаубаева Л.М семинарға қатысушыларға Ресей мемлекеті ғалымдарымен жасалып, ұсынылған «Жаңа мамандықтар Атласының» мәні мен мағынасы туралы мағлұматтар берді. Семинар аясында сұрақтар қызу талқыланып, резалюция қабылданды.

JoomShaper