«Тәуелсіздік дәуірі» - бірегей тарихи құжат

2018 жылдың 7 ақпаны күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасының №1 оқу ғимаратындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» - «Эра независимости» атты тарихи шежіре кітабын оқырмандарымыз студент-жастарға таныстыру шарасы өтуде.

Осы іс-шараға арнап «Тәуелсіздік энциклопедиясы» атты кітап көрмесі және көрме жанындағы әңгіме ұйымдастырылды. Бөлім меңгерушісі Р.Т.Доспаева оқырмандарға «Бұл кітап – менің ұлы қол¬-даушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз хал¬қыма арналады» деп, басталатын кітаптың алғы сөзінен бастап бүкіл мазмұнын баяндап берді. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы 4 бөлім, 31 тақырыпша, 506 беттен тұрады. Еңбек 2 тілде жарық көрген. «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы» тақырыбына арналған алғашқы бөлім 1991-1995 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтиды. Ал, екінші бөлім «Ұлы бетбұрыс» деп аталса, «Қазақстанның екінші жаңғыруы» тарауында 10 жылдағы елдің даму барысы баяндалады. Келесі бөлімінде «Қалыптасқан мемлекеттің» міндет-мақсаттары тізбектелген. Сондай-ақ, тарихи туындыда егемендік алған 26 жылдағы 33 нәтиже жазылған. Олардың ерекшелерін атап өтетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстанды әлем мойындады. Қазақстан ядролық сынақ алаңын жапқан бірінші ел болды. Бас шаһар «Астана» қаласы бой көтерді. Елдің экономикасы артты. Қазақстан бірнеше ірі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып қана қоймай, төрағалық ету құрметіне ие болды. «Рухани жаңғыру» үдерісіне жол ашылды. Ең елеулі де ерекше шара «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің елдің мәртебесін арттырып, мерейін өсірді. Кітап туралы көзқарастарын еліміздің белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері мен ғалымдары, көшбасшы жастар білдіруде. Соның ішінде біздің университеттің ғалымдары да үн қосып, өз пікірлерін баспасөз беттеріне жариялады. Атап айтқанда оқу орнының ректоры, профессор Қ.А.Бисенов, «Филология, құқық және тарих» факультетінің деканы С.Тайман, профессорлар М.Караманова, М.Ансатова т.б., еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» және жергілікті «Сыр бойы», «Кызылординские Вести» мерзімді басылымдарына мақалаларын жариялап, «Еліміздің өткені мен болашағына көз жүгірткен Елбасы орын алған оқиғаларға нақты талдау жасай отырып, жарқын болашаққа жол сілтеуде. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - елдің болашақта қандай қағидаттарға сүйену керектігін көрсетіп берген бірегей туынды»-, деп атап көрсетті. Қоғам қайраткері М.Құл-Мұхаммедтің сөзімен айтқанда, Елбасымыздың жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздің қасиетті Отанымыз Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған «Тәуелсіздік энциклопедиясы» деп атауға толық негіз бар. Тарихи туындымен таныстыру іс-шарасы өз жұмысын жалғастыруда.

JoomShaper