Нанотехнология - ғылымның жаңа дәуірі

2018 жылдың 7 қаңтарында №9 оқу ғимаратында университеттің ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлері «Жаратылыстану» факультетінде химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы Ерғожаұлы Еділ Ерғожиннің ғылыми зерттеу бағыттарын таныстыру мақсатында «Нанотехнология ғылымның жаңа дәуірі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесі Х-16-1, Х-17-3, Х-17-1 оқу топтары арасында ашық сабақ өткізілген дәрісхана мен оқу ғимараты фоесіне де қойылды. Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері мен жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және полимерлік физикасы туралы оқулықтар мен ғылыми еңбектер қойылды. Іс-шарада алғы сөз сөйлеген факультет деканы С.О.Қосанов, ғалым Еділ Ерғожиннің ғылыми бағыттарын сипаттай келе, осы салада қызмет атқарып жүрген университет ғалымдарының ғылыми жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар Е.Ерғожиннің шәкірттері оқытушы-ғалымдар С.М.Наренова Г.А. Абызбекова нанотехнология жаңалықтарымен студент жастарды таныстырды. Ғалым Еділ Ерғожиннің отандық фармацевтика туралы ой толғаныстары айтылған бейнефильм тамашаланды. Кітапханашы Л.С. Кан кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Аталмыш іс-шара мембрана технологиясы және ионалмасу химиясы саласында бүкіл дүние жүзіне белгілі қазақстандық ғылым мектебінің негізін қалаушы, ҚР ғылым мен жоғары білімнің белгілі ұйымдастырушысы Е.Е.Ерғожиннің өмірі мен еңбектеріне сүйене отырып, осы ғылым саласын одан әрі дамытуға бағыт ашары сөзсіз.

JoomShaper