Қош келдіңіздер!

Таңдау - Сізден,

Сапалы білім - Бізден.

Жарқын болашақ кепілі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Университетіміздің соңғы жаңалықтары

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі

2018 жылғы 1 ақпан күні «Филология, тарих және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасы мен «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» тақырыбындағы дөңгелек үстөл болып өтті.

Дөңгелек үстөлдің мақсаты Елбасының биылғы Жолдауын талдау, мамандармен пікір алмасу және Мемлекет басшысы көрсеткен міндеттерді халыққа түсіндіру.
Дөңгелек үстелді модератор ретінде «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдарқызы жүргізіп, «Филология, тарих және құқық» факультеті деканының орынбасары Омаров Даулет Карибайұлы ашып берді.
Дөңгелек үстелде Құқық қорғау органдары қызметінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Әжібеков Елжан Қалқазбекұлы, Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бастығы Ізкенов Бағдат Оразбекұлы, Қызылорда облысы бойынша ішкі істер департаментінің жанындағы өзіндік қауіпсіздік басқармасы полиция подполковнигі Садуақасов Даулет Махмутұлы өз пікрлерін білдірсе, «Құқықтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Исаева Жанат Амандыққызы, заң ғылымдарының магистрлері Шукенова Жадыра Сламханқызы, Саниязова Еркемай Казбекқызы және Нурымбетова Ақмарал Сражқызы баяндама жасады.
Сонымен қатар шараға қатысқан болашақ заңгерлер сұрақтарын қойып, оларға тиісті түсіндірмелер берілді.
«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылмдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы мен «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Әлия Қалжанқызы дөңгелек үстелді қорытындылап, сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайтындығын, керісінше мемлекеттің дамуы тежелетіндігін, оның қауіптілігіне байланысты мәселелерді ортаға салды. Дөңгелек үстелдің негізгі мазмұны осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың мәдениет қалыптастыру негізінде тұжырымдар жасалды.

Хабарландыру

Талапкер - 2017

Университет тарихы

Университетіміздің тарихы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Университет тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті

1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді.
1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді.
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды.
1994 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды.
1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты

1976 жылдың 13 шілдесі – Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ).
1990 жылдың 15 қарашасы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпан – Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына оқытушы-профессорлар және студенттер ұжымының ұсынысымен, сондай-ақ қала жұртшылығының қолдауымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамыры – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
1998 жылдың 24 наурызы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

JoomShaper