Қош келдіңіздер!

Таңдау - Сізден,

Сапалы білім - Бізден.

Жарқын болашақ кепілі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Университетіміздің соңғы жаңалықтары

Білім берудің жаңа әдістері талқыланды

 

 

 

Қаңтар айының 26 күні бас оқу оқу ғимаратында «Экономика және бизнес» бағытындағы Академиялық кеңес және экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Қысқы мектеп» аясында "Өрлеу"біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен Алматы қаласы және Португалия мемлекетіне барып келген оқытушылар "Заманауи педагогикалық технологиялар"тақырыбында семинар өткізді.

Семинарды модератор Рысмаханова Г.Ж. ашып берді және жалпы қысқы мектептің көзедеген мақсаты туралы, оның оқу процесінде факультет оқытушыларына тигізер оң әсері туралы айтып өтті.
Семинар барысында Темирбекова ЭльмираТемирбековна, экономика ғылымдары магистрі «Сыни ойлауды дамыту технологиясы» тақырыбында: интерактивті оқыту, оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы туралы,сыни ойлауды дамытуға арналған жұмыстың негізгі түрлері мен әдіснамасын түсіндірді. Мұхтарова Ақмарал Мұхтарқызы, экономика ғылымдары магистрі «Оқыту және оқу жүйесіндегі заманауи сандық технологиялар» тақырыбында:Оқытудың жаңа технологиясы – оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды қажет ететіндігіне тоқтала отырып,жаңа мультимедиялық бағдарламалар және олармен жұмыс жасау тәсілдерімен бөлісті. Жаксылыкова Жанна Тыныштыкбаевна, аға оқытушы «Современные педагогические технологии. Learning By Teaching - Учиться обучая» тақырыбында студенттердің шығармашылық және аналитикалық ойлауын дамытуда қолданылатын әдістер: жобалар классификациясы, оның орындалуының негізгі сатылары, қолдану талаптары мен түрлері,өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістері мен формалары туралы айтып,шет елдік білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді қарастырып өтті. Семинар барысында оқытушылар оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы сұрақтарын қоя отырып, оқыту үдерісін жаңашаландыру туралы өзара пікір алмасты.

Хабарландыру

Талапкер - 2017

Университет тарихы

Университетіміздің тарихы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Университет тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті

1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді.
1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді.
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды.
1994 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды.
1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты

1976 жылдың 13 шілдесі – Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ).
1990 жылдың 15 қарашасы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпан – Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына оқытушы-профессорлар және студенттер ұжымының ұсынысымен, сондай-ақ қала жұртшылығының қолдауымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамыры – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
1998 жылдың 24 наурызы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).

JoomShaper