Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі


Ғылыми зерттеулерді үйлестіру тобы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылым департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Негізгі міндеттері:
Университеттің ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру. Университеттің профессор-оқытушы құрамы, ғылыми қызметкерлермен және ғылыми құрылымдық бөлімшелермен ғылыми-зерттеу қызметтерін орындалуын қамтамасыздандыру. Университет базасында ғылыми-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Жас ғалымдар Кеңесінің және студенттік ғылыми қоғамның жұмыстарын ұйымдастыру.

Негізгі атқаратын қызметі:
университеттің факультет, кафедралар және басқа да ғылыми құрылымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қызметін үйлестіру;
проффессор-оқытушы құрамы, ғылыми қызметкерлер, жас ғалымдармен білім алушылардың әртүрлі қаржыландыру көздері бойынша ғылыми жобалардың конкурстарына қатысу үшін құжаттарды әзірлеу және ұйымдастыру;
ғылыми жобалардың, зерттеулердің құжаттамаларын жүргізу және орындалуын бақылау;
профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін білім беру қызметіне енгізу үдерісіне әкімшілік колдау көрсету;
университет ғалымдарының патент, авторлық куәліктерін алу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
ғылыми монографиялардың, ғылыми мақалалардың басылымын үйлестіру.
Университеттің жас ғалымдарына, докторанттар, магистранттар және студенттеріне ғылыми зерттеу нәтижелерін университеттік, республикалық, халықаралық басылымдарда, оның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялауға ықпал жасау;
ғылыми конференцияларды, форум, симпозиум, семинар және жетекші ғалымдармен кездесулердің жұмыстарын ұйымдастыру;
ғылыми жұмыстарға шығармашылық жастарды кең ауқымда тарту;
келіп түскен ақпараттарды, хабарландыруларды университеттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу.

Мекен-жайы : 120014 , Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29А, 315 кабинет
Байланыс телефоны: 8(7242) 27-48-02


JoomShaper