«Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығы

 

«Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығы


Орталықтың жетекшісі
- т.ғ.к., доцент С.Т.Тайман

Орталық қызметінің мақсаты Мұстафа Шоқайдың рухани және ғылыми мұраларын зерделеу, насихаттау және оның қайраткер тұлғасы мен шығармашылығын кешенді зерттеу, тың деректерді ғылыми айналымға ендіру.
Орталықтың штаттық құрамы университеттің профессор-оқытушылар құрамымен жасақталған.
Орталық жанында құрамында отандық және шетелдік шоқайтанушы ғалымдары бар ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыс істейді.

Орталық қызметкерлері төмендегідей жұмыстар атқарып келеді:
1. Мұстафа Шоқай мұраларына қатысты оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, мақалалар каталогын жасау, есепке алу;
2. Мұстафа Шоқай мұраларын насихаттау;
3. Дәстүрлі «Мұстафа Шоқай оқуларын» өткізу;
4. «Мұстафа Шоқай (1890-1941) Энциклопедия», «Мұстафа Шоқай және неміс лагерлеріндегі түркістандық әскери тұтқындар (1941ж.)» атты ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Мұстафа Шоқай еңбектерінің библиографиялық анықтамалығын даярлау .

Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40.
1-оқу ғимараты, тел: 87242274795; e-mail – This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Еңбектер жинағы және шығармалар

 

 

Мұстафа Шоқайтану ғылыми зерттеу орталығының көрме залы

 

JoomShaper