Химиялық зерттеулер және технологиялар институты

 

 Институт директоры: АППАЗОВ НУРБОЛ ОРЫНБАСАРУЛЫ х.ғ.к., профессор 

 

Телефон: 8 (7242) 231041 

 E-mail:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

"Физика-химиялық талдау әдістері" инженерлік бейіндегі зертханасы

Композициялық материалдар және жабындар зертханасы

 

 

Химиялық зерттеулер және технологиялар институты
Институт қызметінің бағыттары:
- Ғылыми-зерттеу бағыты – «Көмірсутектік және кен-металлургиялық секторларының технологиясы» саласы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
- Білім беру бағыты - ғылым, білім және жоғары технологиялы өнеркәсіп салалары үшін қажетті жоғары білікті мамандар даярлауға қатысу;
- Коммерциялық бағыты –мекемелер мен ұйымдарға аналитикалық зерттеулер орындау және басқа да ақылы қызмет көрсету,мамандардың біліктілігін арттыруға қатысу.
Зертхана құрамына қазіргі заманғы зертханалық интерьермен жабдықталған зерттеу секторлары және курстар, семинарлар, консультациялар жүргізу үшін оқу аудиториясы кіреді.
Зертхана Жапония, АҚШ, Швейцария, Ресей, Нидерланды елдерінің жетекші өндірушілері шығарған жаңа заманауи қондырғылармен жабдықталған, әрбір қондырғы аналитикалық зерттеулер жүргізуге арналған. Газ, сұйық хроматографтарды, хромато-масс-спектрометрді, ИК–Фурье спектрометрді, спектрофлуориметрді, спектрофотометрді, төмен вакуумды электронды микроскопты, титраторды, калориметрді қолдану ауылшаруашылығы мен тағам өнімдеріне, қоршаған орта нысандарына, су, топырақ үлгілеріне, мұнай, мұнай өнімдеріне, қатты отынға сапалық талдау жүргізуде және химия саласында әртүрлі зерттеулер мен жұмыстарды орындауда алынған нәтижелер мен қорытындылардың дәлдігін қамтамасыз етеді.

 

Институтта өндіріс орындары мамандарының біліктілін арттыру үшін курстар өткізіледі. Курста спектралды және газохроматографиялық қондырғыларда жұмыс жүргізу техникасын меңгеру, нақты нысандарды талдауда олардың тәжірибеде қолдану үлгілерімен танысуға мүмкіндік беретін әдістер бойынша тәжірибелік сабақтар қарастырылған. Ақылы негізде мұнай компанияларының мамандары («СП КазГерМунай»,«АйДан Мунай», «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз», «Каспий құбыр консорциумы»)«Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Зертхана бекітілген аккредиттеу саласы бойынша өнім сапасына зертханалық-өндірістік бақылау жүргізеді. Сынақ зертханасының аккредиттеу саласы: мұнайды физика-химиялық талдау (тығыздығы, фракциялық құрамы, судың массалық үлесі, хлорлы тұздардың концентрациясы, механикалық қоспалардың массалық үлесі, күкірттің массалық үлесі, қату және аққыштықты жоғалту температурасы, кинематикалық тұтқырлық) және автомобиль бензинінің құрамындағы бензолдың көлемдік үлесін анықтау. Аккредиттеу саласына сәйкес зертханадағы аналитикалық қондырғылардың ішінен газды хроматограф Agilent 7890A және рентгенофлуоресцентті спектрометр Спектроскан Макс– GF2E қолданылады. Өлшеу нәтижелерін өңдеу, есептеу және рәсімдеу аталған заманауи қондырғылар мен ондағы компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Акредиттеу саласына байланысты сынақ зертханасы мұнай компанияларына келісім-шартпен ақылы негізде қызмет көрсетуде.

 

Орындалған жобалар

 

2010 жылға арналған бастамалар мен тәуекелдерді зерттеу мен әзірлеуді іске асырудың ғылыми жобалары

 

1. Мұнай өңдеу зауыттарының олефин шикізаттарынан карбон қышқылдарының эфирлерін алудың энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологиясын жасау

Жоба жетекшісі: Аппазов Н.О

Бөлінген қаржы сомасы: 5 862 463 теңге

 

Ұлттық ғылыми зертханалармен және инженерлік зертханалармен бірлесіп ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу

 

1. Мұнай қалдықтарын жанар-жағармай материалдары мен битум материалдарымен өңдеу арқылы кәдеге жарату технологиясын зерттеу

Жоба жетекшісі: Нарманова Р.А.

Бөлінген қаржы сомасы: 3 500 000 теңге

 

2012-2014 жылдарға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру

 

1. Гетероциклді қатардағы кетондар негізіндегі жаңа полифункционалды фосфорорганикалық қосылыстар, биологиялық белсенді заттарды іздестіру

Жоба жетекшісі: Аппазов Н.О

Бөлінген қаржы сомасы: 12 000 000 теңге

 

2. Жантақ (Alhagi pseudoalhagi) дәрілік өсімдік сығындысын атеросклероздың    алдын алу және бастапқы формасын емдеуде қолдану перспективалары

Жоба жетекшісі: Нарманова Р.А., Ибадуллаева С.Ж.

Бөлінген қаржы сомасы: 25 900 000 теңге

 

2015-2017 жылдарға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру

 

1. Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырақтарының мониторингі әдістерін және ыстық климат жағдайында биопрепараттарды қолдану арқылы оларды тазарту технологияларын жасау.

Жоба жетекшісі: Нарманова Р.А.

Бөлінген қаржы сомасы: 14 575 000 теңге

 

2. Сазды жыныстарды «мұнай шламы-барханды құм» композициясында бірге өңдеу негізінде түйіршіктелген кеуекті жылу оқшаулағыш материалдарды алу технологиясы.

Жоба жетекшісі: Бисенов Қ.А.

Бөлінген қаржы сомасы: 14 575 000 теңге

 

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыру

 

1. Қатты және сұйық қалдықтарды біріктіріп өңдеудегі инновациялық жол және оларды ағынды суларды тазартуға адсорбент ретінде пайдалану

Жоба жетекшісі: Аппазов Н.О.

Бөлінген қаржы сомасы: 27 180 000 теңге

 

2. Полимерлі наноматериал негізінде мультиферментті биосенсорлар әзірлеу. Биологиялық сұйықтықтардың екі метоболитін анықтау үшін полимерлі ферментті сенсорларымен талдағыш құралдың тәжірибелік үлгісін дайындау

Жоба жетекшісі: Ибадуллаева С.Ж.

Бөлінген қаржы сомасы: 30 000 000 теңге

 



JoomShaper