Арал өңірі экологиясы және су ресурстары проблемалары ғылыми-зерттеу институты

 Омаров Қали Әбдіұлы - институт директоры, география ғылымдарының кандидаты, профессор.

 

Институт қызметкерлері:             

 Умирзаков Серікбай Ыдырысұлы – бас ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының докторы, профессор

Шомантаев Асылхан Әшімұлы - бас ғылыми қызметкер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Шаянбекова Бақытжан Рахманбердіқызы – аға ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының кандидаты

Абжалелов Бақытбек Байдосұлы - аға ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты


Шілманова Алтынай Мұсақызы - аға ғылыми қызметкер, экономика ғылымдарының кандидаты


Буланбаева Перизат Орынбасарқызы – ғылыми қызметкер, PhD

 

МІНДЕТТЕРІ:
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету, дайындау және қолдау;
2. Мамандарды және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау сапасын жоғарылатуға, ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыруға ықпалдасу;
3. Ғылыми-зерттеу жобалары мен жоспарларын жасау;
4. Заманауи ғылыми-техникалық деңгейде зерттеулер мен жасалымдарды орындауды ұйымдастыру;
5. Жүргізілетін жұмыстардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету;
6. Бекітілген техникалық тапсырмалар мен бағдарламаларға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды іске асыру;
7. Қажет жағдайда жүргізіліп жатқан зерттеулерді мемлекеттік тіркеуді, тапсырыс берушіге ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмысының есебін уақтылы тапсыруды және шынайылығын қамтамасыз ету;
8. Штаттағы ғылыми қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамын студенттер, магистранттар және докторанттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жүргізуіне және де ҚР ғылымды дамытудың басым бағыттарына сәйкес дәріс оқуларына, семинар және басқа да сабақтар жүргізуіне жағдай жасау;
9. Жаңа оқу, ғылыми зертханаларын жабдықтауға және қолданыстағы зертханаларды модернизациялауға қатысу.

ҚЫЗМЕТТЕРІ:
1. Арал өңірі экологиясы және су ресурстары проблемалары бағытындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуді жоспарлау;
2. Арал өңірі экологиясы және су ресурстары проблемалары бағытындағы ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесін коммерицализациялау жобаларын, сонымен қатар халықаралық ғылыми жобаларды іске асыру;
3. Экология бағытындағы басқа да ұйымдарға келесі қызмет түрлерін көрсету (экологиялық нормалау, қуатты үнемдеу және экологиялық аудит, экологиялық мониторинг, қоршаған орта күйін және қоршаған ортаға әсерін бағалау, өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен жұмыс, ластанған жерлерді рекультивациялау, мұнаймен ластанған жер беті суларын тазалау, қоршаған ортаға әсерді нормалау және табиғат қорғау жобалары);
4. Арал өңірі экологиясы проблемалары және су ресурстарын тиімді басқару бойынша Қазақстан Республикасы, Орталық Азия және шет елдердің аймақтық байланысына байланысты мәселелерді талдау; 5. Арал өңірі экологиясы және су ресурстары проблемалары бағытындағы ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды, мастер-кластарды ұйымдастыру және өткізу;
6. «Business-START» студент жастардың инновациялық жобаларын жүзеге асыру орталығында жүргізіліп жатқан білім алушылардың эко-жобаларын дайындау жұмыстарын үйлестіру;
7. Арал өңірі экологиясы және су ресурстары проблемалары бағытындағы халықаралық және аймақтық мамандардың атсалысуымен ЖОО оқытушыларының, өндірістік сала мамандарының және мемлекеттік органдардың өкілдерінің біліктілігін тренингтер өткізу арқылы арттыру;
8. Арал өңірі экологиясы және су ресурстары проблемалары бағытында ғылыми мақалалар жариялау;
9. Халықаралық Аралды қорғау қоры, Қазақстан-Неміс Университеті жанындағы Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, Қазақстан Республикасының, алыс-жақын шетелдік білім беру мекемелері, ғылым ұйымдарымен байланыс орнату және жалғастыру;
10. Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартумен су ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты университеттің салалық кафедраларымен бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

JoomShaper