Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасы

 

Басқарма бастығы: Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы.

Басқарманың негізгі қызметтері:

- оқу процессін жетілдіру мақсатында университет көлемінде алдыңғы қатарлы компьютерлік технологияларды енгізу;
- "заманауи" қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды енгізу;
- университеттің ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің корпоративтік торын жетілдіру;
- интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету және жүйелерді басқару;
- оргтехникаларға техникалық қызмет көрсету.

Құрылымы
- компьютерлерге техникалық қызмет көрсету бөлімі;
- желілерді басқару бөлімі;

Компьютерлік техникаларға қызмет көрсету, орнату және жөндеу жұмыстарына байланысты Ақпараттық технологиялар басқармасының мамандары жүйелі түрде университеттің барлық бөлімдеріне консултатативтік және техникалық көмек көрсетіп отырады

Компьютерлік кластарды модернизациялау және оларға жергілікті торларды құру жұмыстары жүйелі түрде жасалынуда.

Университеттің ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің корпоративтік торын жетілдіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр.

Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйенің корпоративтік торы аппараттық ресурстарды тиімді пайдалану, корпоративтік деректер қорына кең қол жетімділікке мүмкүндік беру, университеттің барлық жұмыстарын басқаруда жаңа технологияларды енгізу, студенттерді оқыту және олардың білімінің сапасын бақылау мақсатында университеттің барлық компьютерлерін бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесіне біріктіруге арналған.

 

Байланыс телефоны:
8 (7242) 27 87 11

JoomShaper