Ғылым департаменті

 

Департамент директоры - Омаров Қали Әбдіұлы, г.ғ.к., академиялық профессор

Департамент жоспарлайды, ұйымдастырады, үйлестіреді:

 - университеттің ғылыми құрылымдарымен, ОПҚ және білім алушыларымен универститетте өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын; 
 - жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушы мамандарды даярлауды.

 Негізгі қызметі:

 - университеттің ғылыми құрылымдарымен, ОПҚ және білім алушыларымен универститетте атқарылатын ғылыми жобаларды, ҒЗЖ, ҒЗТКЖ жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.

- Кәсіпорынның тапсырысы бойынша университеттің ОПҚ мен ғылыми қызметкерлерінің ғылыми мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану.
- Университеттің ОПҚ мен білім алушыларының республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын ұйымдастыру, кеңес беру және әдістемелік көмек жасау.
- Ғылыми жобалардың орындалуына, ҒЗЖ, ҒЗТКЖ жүзеге асыру үшін БжҒМ ҒК, кәсіпорындармен және орындалып отырған жұмыстың түріне байланысты басқа да сәйкес мекемелермен келісімшарт жасау.
- жаңа ғылыми орталықтар, зертханалар және басқа да ғылыми құрылымдық бөлімшелерді ашу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру.
- шетелдік және отандық жетекші ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
- тиімді ғылыми технологиялардың, жобалардың, патенттердің коммерциализациялану жүйесін дамыту;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағыты бойынша маман даярлау жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.
- Диссертация тақырыптарының талқылануы мен бекітілуін, оларға шетелдік жетекшілердің бекітілуін, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сәйкес диссертация дайындау жұмыстарын, PhD докторанттардың жоғары рейтингті басылымдарда мақала жариялауын жоспарлау және ұйымдастыру.
- Магистранттар мен PhD докторанттардың академиялық ұтқырлық бойынша және ғылыми зерттеу жұмыстарын, шетелдік ғылыми тағылымдамасы мен педагогикалық тәжірибеден өтуін жоспарлау және ұйымдастыру.
- Жас ғалымдар кеңесі мен СҒЗЖ ұйымдастыру.
- ҒЗЖ нәтижесі бойынша ғылыми конференция, семинар, форум, симпозиум, көрме өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру.
- университетте өткен конференциялар материалдары мен профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерінің жинағын жарыққа шығаруға дайындау және «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы» журналын шығаруды ұйымдастыру.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдары мен қызметкерлерінің халықаралық рецензияланатын басылымдарда мақалалар жариялау белсенділігін ынталандыру ЕРЕЖЕСІ - толығырақ

 

Байланыс ақпараты: Тел.: 8 (7242) 26-33-01
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 29-А, 317- кабинет

JoomShaper