Ғылыми кеңес

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі университет қызметінің ең маңызды мәселелерін алқалы түрде қарау мақсатында құрылатын, сайланбалы уәкілетті орган болып табылады.
Ғылыми кеңестің төрағасы – университет ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Ғалым-хатшы – PhD доктор Жолмаханова Ақерке Болатқызы.
Ғылыми кеңестің құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, белді ғалымдар, студент жастардың, магистранттардың өкілдері, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің кәсіподақ комитеттерінің өкілдері кіреді.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
- университет ұжымының жоғары сапалы кәсіби дайындау мен мамандардың біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған күшін біріктіру;
- университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржылық қолдау жасауды қамтамасыз ету; - ғылыми зерттеулерді дамыту, университеттің одан әрі қарай дамуына ықпал ету.
Ғылыми кеңестің қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді. Кеңес мәжілісі бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет өтеді.
Ғылыми кеңестің өкілетіне университеттің құрылымын бекіту, Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу, стратегиялық даму жоспарын бекіту, даму Тұжырымдамасын айқындау, көпдеңгейлі жоғары кәсіби білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын анықтау жатады. Жыл сайын Кеңес мәжілістерінде ректордың атқарылған жұмыстар туралы есебі, проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімше бастықтарының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлері мен әдістері туралы есептері тыңдалады. Университеттің халықаралық ынтымықтастығын дамыту мәселелері, оның ақпараттық және қаржы-шаруашылық қызметтері, оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де назардан тыс қалмайды.
Ғылыми кеңестің құзыретіне отандық және алыс-жақын шетелдің көрнекті ғалымдарына, қоғамдық-саяси және мемлекет қайраткерлеріне, университет оқытушыларына «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Құрметті профессоры», «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Құрметті докторы» атақтарын беру де жатады.

JoomShaper