Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент

 

Департамент директоры - Доспенбетов Бағлан Жолманович

Жұмыс телефоны: 26-21-82

 Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент университеттің тыныс-тіршілігін  қамтамасыз ететін нысандарға қызмет көрсететін құрылымдық бөлімше болып табылады.


Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департаментінің негізгі атқаратын жұмыстары:
- жылу-электр қуаты және сумен тоқтаусыз жабдықтауды қамтамасыз ету;
- оқу ғимараттарын, жатақханаларды, зертханаларды сапалы мүліктермен қамтамасыз ету;
- жатақханалардағы студенттердің әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту;
- университеттің қоғамдық тамақтандыру орындарында студенттер мен қызметкерлерді сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ету;
- күрделі құрылыс, университет ғимараттары мен жайларын күрделі және ағымды жөндеу;
- университеттің автопаркін техникалық жақсы жағдайда ұстау;
- университет маңындағы аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және тазалау;
- агробиологиялық учаске мен полигонда ағаштар мен ауылшаруашылық дақылдарын отырғызып, күтіп-баптау агротехникалық жұмыстарын жүргізуді және жылыжайда бақша дақылдарын өсіруді ұйымдастыру;
- қаржы-шаруашылық мәселелер бойынша келісімшарттар жасау.

Басқарма құрамына кіреді:

Асхана меңгерушісі - Қожанова М. С.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бөлімі – университет қызметкерлері мен студенттерін тамақтандыру қызметін жүргізеді.

Бөлім құрамында:
- № 1,4,6,9 оқу ғимараттарының асханалары;
- «Жігер» 

Бөлімнің негізгі міндеттері:
- жоғары сапалы тағам
- өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

ТҚжЕҚ еңбек қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, олардың орындалуына бақылау жасайды.

ТҚжЕҚ бөлімінің негізгі міндеттері:
-    университеттің барлық бөлімшелерінде техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау Ережелерінің сақталуына бақылау жасау;
-    нұсқаулық ұйымдастыру, мезгіл-мезгіл оқыту;
-    аттестаттау жүргізу;
-    қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау;
-    қызметкерлер мен студенттердің жарақат алу, қайғылы жағдайлары мен кәсіби аурушаңдығы себептері мен жағдайына талдау жасау;
-    машиналар мен механизмдердің жабдықтарына қажетті сынақтар мен техникалық куәландыруды уақтылы жүргізу.

JoomShaper