Әскери кафедра

 

1999 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1282 қаулысын жүзеге асыру мақсатында 1999 жылдың 29 қарашасында Қорғаныс министрінің №190 және Білім және ғылым министрінің №57 біріккен бұйрығымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2000-2001 оқу жылынан бастап әскери кафедра құрылды.
Бұл аймақта әскери кафедра алғаш рет ашылған болатын. Кафедраның ашылуына университеттің ректоры, т.ғ.д., профессор, Бисенов Қ. А. көп ықпал етті. Оның тікелей қатысуымен әскери кафедраға бөлек оқу ғимараты мен жер учаскесі бөлініп, Республика бойынша университет қабырғасында ашылған бірінші оқу полигоны жабдықталды. 

Әскери дайындық запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасына сәйкес және төмендегідей әскери-есептік мамандықтар (ӘЕМ) бойынша жүзеге асырылады:

-Жақын қашықтықта әсер ететін тасымалданатын зениттік зымыран кешенімен қаруланған бөлімшелерді ұрыста пайдалану;

-Әскердің әскери, шаруашылық қызыметінің экономикасы және қаржымен қамтамасыз ету;

-Құрлық әскерлерінде идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

Әскери дайындықтың негізгі міндеттері мен мақсаты – Отанын жанындай сүйетін және мейірімділік рухымен тәрбиеленген, психологиялық тұрақты, батыл, тәртіпті, әскери құпияны сақтай білетін, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, сонымен қатар әскери міндеттерді атқаруға қажетті біліктілік пен дағдыны бойына сіңірген запастағы офицерлерді дайындау болып табылады.
Әскери кафедраның алғашқы бастығы болған подполковник Нұртасов Е. Ғ. және онан кейінгі бастық подполковник Қасымов Б. Б. кафедраның құрылуына және дамуына үлкен үлес қосты. Университет ректорының қолдауымен және кафедра бастықтарының басшылығымен әскери кафедра ұжымы өз полигонында 2002 жылдан бастап жылсайын бітіретін студенттермен далалық оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келеді. 

2016 жылдан бастап әскери кафедраны подполковник Увайдаев Н.У. басқаруда. 
Полигонда ағымдағы практикалық сабақтарды өткізу және далалық оқу-жаттығу жиындарын өткізуден басқа, әскери бөлімдердің, медицина қызметкерлерінің, азаматтардың және басқалардың қатысуымен облыстық-территориялық төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы жаттығу өткізілді.
Полигон орталықтандырылған сумен жабдықталған, негізгі оқу жиынына қажет объектілер: штаб, жатақхана, әскери палаткаларды орналастыратын жерлер, спорттық алаң, жазғы асхана, курсанттардың жеке дайындығын жүргізуге және мемлекеттік құқықтық дайындыққа арналған орындар, шомылатын кабиналар, жеткілікті жуыну орындары, әжетхана, атыс жүргізу алаңы, тренажерлармен жаттығу алаңы, сонымен қатар атлетизмге, шешімділікке, батылдыққа жаттықтыру алаңы және т. б. бар. Полигонның аумағы оқшауланған, толық қоршалған және ағаштармен көгалдандырылған. 

 Барлық ауыртпалықтарды көтеріп, оқу-жаттығу, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық, жалпы-спорттық және басқа да жұмыстарды өткізуде әскери кафедраның оқытушы профессор құрамы мен көмекші персоналдың рөлі зор. Олар оқу бөлімінің бастығы –майор Сеитов Н.К., аға оқытушылар - подполковник Бекниязов Б.М., подполковник Қошқаров Ж.Б., подполковник Уксикбаев Ш.Ш., оқытушылар - отставкадағы майор Ердигаликов Б., запастағы майор Кенжегулов С.М., запастағы майор Мырзагулов А. және т. б. 

 Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң әскери кафедрасы қазіргі таңда тиянақты әскери білім алуға жағдай жасалынған университеттің бір құрылымы болып табылады. 

 

Студенттерді әскери кафедраға іріктеу және қабылдау ережесі.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің  2017 жылғы 24 шілдесіндегі   №375 «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындыққағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді әскери даярлау әскери кафедрада мемлекеттік тапсырысқа сәйкес алатын жоғары кәсіптік білімі негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтары – күндізгі (іштей) жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) студенттерін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау (бұдан әрі – студенттерді әскери даярлау) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін запастағы офицерлерді даярлау мақсатында ұйымдастырылады.

Әскери даярлауға тартылатын студенттердің саны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жұмылдыру қажеттілігіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімімен айқындалады. 

Студенттерді әскери даярлау әскери кафедрада теориялық және практикалық оқыту курстарынан және оқу-жаттығу жиынынан тұрады және ол екінші курстан басталады, бірақ барлық жағдайларда ЖОО-нын бітіргенге дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен аяқталады. 

Университет жанындағы әскери кафедрада студенттерді әскери даярлау студенттердің міндетті дәрісханалық сабақтарын және оқытушылардың жетекшілік етуімен өздік даярлығын қамтиды. Әскери кафедрадағы сабақтар «әскери күн» әдісімен өткізіледі. Студенттерді әскери даярлау оқытудың бір түрі болып табылады және университеттің оқу жоспарларына оқу жылы басталғаннан бастап дербес оқу пәні ретінде енгізіледі. Әскери кафедрада студенттерді әскери даярлауды бастаудың және аяқтаудың нақты мерзімдері университеттің оқу жоспарымен айқындалады.
Әскери даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды 27 жасқа дейінгі студенттер – Қазақстан Республикасының азаматтары тартылады.
Студенттерді әскери даярлықтан өту үшін іріктеуді университет ректорының атына ұсынылатын олардың жеке өтініштері бойынша іріктеу комиссиясы жүргізеді.

Әскери кафедрада оқыту үшін іріктеу ҚР ҚМ әскери кафедраға жыл сайын қабылдау жылының 1 наурызына дейін жолдайтын қабылдау жоспарына сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі.

      Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 25 жастан үлкен емес жастағы, сотталмаған, оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер – Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

      Әскери кафедра құжаттарды қабылдауды қабылдау жылының 20 мамырында аяқтайды, ал медициналық куәландыру нәтижелерін конкурсты өткізу жылын қоса алғанда қабылдау жылының 31 мамырында аяқтайды.

      Факультетте (институтта) білім алушы студенттердің тізімдері осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша ЖОО-лардың деканаттарында жасалады және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін әскери кафедраға беріледі.

      Студенттерді әскери кафедрада оқытуға іріктеу үшін конкурс мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) медициналық куәландырудан өту;

      2) екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді жүргізу;

      3) үшінші кезең – дене дайындығын тексеру.

      Іріктеу кезеңдерінің қорытындылары әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Іріктеу комиссиясы) отырысында қаралады.

      Іріктеу комиссиясының құрамы және жұмыс істеу мерзімдері Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының (бұдан әрі – ҚР ҚК БШБ) бұйрығымен айқындалады.

      Іріктеу комиссиясы мүшелердің тақ санынан (кемінде 5 адам) тұрады, оған мыналар енгізіледі:

     1) комиссия төрағасы – ҚР ҚМ өкілі;

     2) комиссия төрағасының орынбасары – әскери кафедраға жетекшілік ететін ЖОО проректоры;

     3) әскери кафедра бастығының бір орынбасары;

     4) әскери кафедра бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің) өкілі немесе дене дайындығы және спорт үшін жауаптысы, олар болмаған жағдайда ЖОО-ның дене тәрбиесі және спорт кафедрасының өкілі;

     5) ЖОО әскери кафедрасының оқытушысы;

     6) комиссия хатшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып ЖОО әскери кафедрасының өкілі тағайындалады.

    Құжаттарды қабылдауды және конкурстың бірінші кезеңінен өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі, ал екінші, үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді..

                             

 Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

     Өтеусіз және өтеулі негізде запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші және екінші курс студенттерінен (медициналық ЖОО-ларда екінші және үшінші курстан) қабылданады.

     Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға  сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады.

  Құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

      Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар қосымша осы Қағидаларға  сәйкес ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың не қамқорлықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттардың біреуінің түпнұсқасын және көшірмесін ұсынады.

    Медициналық куәландырудан өту үшін әскери кафедралар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде студенттерге Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери оқу орнына түсетін азаматтың ресімделген медициналық куәландыру картасын береді.

     Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес студенттер медициналық куәландыру басталғанға дейін медициналық комиссияға медициналық құжаттар тізбесіне сәйкес медициналық құжаттарды және медициналық комиссияға ұсынылатын медициналық зерттеулер нәтижелерін ұсынады.

     Студенттердің медициналық куәландырудан өтуі конкурс өткізу жылы 1 наурыздан бастап 31 мамырды қоса алғанда жүзеге асырылады.

Медициналық куәландырудан өту кестесін әскери кафедра жергілікті әскери басқару органымен келіседі, ол әскери-дәргерлік комиссиялар жұмысының жоспар-кестесінде әскери кафедраларда оқуы үшін кандидаттардың медициналық куәландырудан өтуін қамтиды. Жоспар-кестеде көрсетілген мерзімде медициналық куәландыруға келмеген студенттер оны өздері өтеді.

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізеді және ол дәйектеу, күйзеліске тұрақтылық, сын тұрғысынан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

Студенттердің дене дайындығын тексеру осы Қағидаларға  сәйкес әскери кафедра бекітілген әскери бөлім (мекеме) өкілінің немесе дене дайындығы және спорт үшін жауаптысының, олар болмаған жағдайда ЖОО-ның дене тәрбиесі және спорт кафедрасы өкілінің дене дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауын қамтиды.

Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурстың үшінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

Кәсіби-психологиялық іріктеуді өткізу және дене дайындығын тексеру нәтижелерінің деректері комиссия мүшелері қол қоятын ведомостарға енгізіледі.

Конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында көзделген тәртіппен жасалған рейтингіге сәйкес жүзеге асырылады.

Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша әскери кафедрадағы әскери даярлыққа тарту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі іріктеу комиссиясы отырысының "әскери дайындыққа тартылсын", "өтеулі негізде оқыту үшін ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің түрлерін қабылдаумен хаттамасы ресімделеді.

Шешім басым дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Өтеусіз негізде оқыту үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындардың тиісті санының нөміріне дейінгі рейтингіде тұрған студенттер тартылады.

Осы студенттер бойынша іріктеу комиссиясы шешім шығарады.

Студенттерді әскери дайындыққа тарту, оларды қару-жарақпен және әскери техникамен, әдебиетпен және "қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат беру хаттама негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен мынадай мерзімдерге жүргізіледі:

өтеусіз негізде оқыту үшін – іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде;

өтеулі негізде оқыту үшін – студенттің осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша өтініш жазғаннан кейін оқу жылы басталғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде.

Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту немесе дене дайындығын тексеру нәтижелерімен келіспейтін студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына (еркін нысанда) жазбаша мәлімдеумен өтініш білдіреді.

Өтініш мәні бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.

Әскери кафедрадағы оқу үдерісі студенттердің әскери дайындық «әскери күн» әдісімен ұйымдастырылып, жүзеге асырылады. Белгілі бір ЖОО оқытудың ерекшелігін ескере отырып, әскери дайындықты ұйымдастырудың басқа түрі құрылуы мүмкін. Оқу үдерісі әскери кафедралардың негізгі қызметі болып табылады және оқу сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, ағымдағы сынақ-емтихандар, студенттердің оқу материалын меңгеруін қамтиды. Әскери кафедрада студенттердің оқу жетістіктерін кредиттік технологияларды бағалау үшін баллдық-рейтингтік жүйені пайдаланады. Студенттердің оқу жетістіктерінің баллдық-рейтингтік жүйесіндегі ереже әскери кафедра тарапынан әзірленеді және әскери кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Әскери оқу жиыны (кәсіптік тәжірибе) Студенттердің оқу жиыны (кәсіби тәжірибесі) әскери дайындықтың соңғы кезеңі болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында, әскери дайындық кезінде олар  студенттердің командалық-әдістемелік дағдыларын практикалық даярлау және жетілдіру мақсатында әскери оқу орындарының, әскери оқу орындарының және жоғары оқу орындарының оқу материалдары мен техникалық базасын пайдалану арқылы , ату жаттығуларын , машиналар жүргізу мен басқа да әскери-оқыту тапсырмалары орындалады. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге әскери жиын(кәсіптік практика) 2 кезеңде жүзеге асырылады, бірінші кезең - әскери кафедрасының базасында 90 академиялық сағат; екінші кезең – ҚР ҚМ бұйрығына сәйкес әскери оқу орындарының оқу материалдары мен техникалық базасын пайдаланумен - 138 академиялық сағат. Оқыушы - қыздар оқу жиынына қатыспайды, олар үшін әскери-есеп мамандығы бойынша кәсіби тәжірибе ұйымдастырылады. Кәсіби практика кезеңінде оқушы-қыздар атыс жаттығуларын өткізеді және әскери ант алады. Оқу жиыны (кәсіби тәжірибе)ЖОО-ның аяқталуына бір жыл бұрын жүргізіледі. Егер оқушылар оқу-жаттығу жиындарына (кәсіби тәжірибеге), сондай-ақ әскери кафедрада оқып жүрген студенттерге кедергі келтіретін себептері (ауру, отбасылық және қызмет көрсету жағдайларына байланысты) бар болса, олар университетті бітірген жылы қабылдана алады. запастағы офицерлерге арналған оқу бағдарламасы бойынша оқитын оқушыларға әскери жиын өткізуге (кәсіби тәжірибеге) кем дегенде 34 күнтізбелік күн бөлінеді.

                                   

Оқу жиынының нақты мерзімі мен орны (кәсіби тәжірибе) жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі. Оқу-жаттығу жиынына дейін (кәсіби тәжірибе) студенттерді медициналық тексеруді облыстық (облыстық маңызы бар қалалар мен астананың) тұрақты медициналық комиссиясы Әскери-медициналық сараптама ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Әскери қызметке жарамсыз деп танылған тұлғаларға оқу жынына қатысуға жол берілмейді (кәсіби тәжірибе). Оқыту барысында студенттерді әскери ант қабылдауға дайындауға қажетті жұмыс жүргізіледі. Әскери антты оқудың екінші кезеңінің бірінші жартысында (кәсіптік практика) әскери ант қабылдамаған студенттер қабылдайды. Әскери жиын соңында бөлімшелердің командирлері әрбір студентке ресми сипаттама береді. Әскери даярлықтан, оқудан, ауыстырудан және қалпына келтірілуден ауытқу тәртібі әскери дайындықтан шеттету, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы №384 бұйрығына сәйкес университет басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Студенттер әскери дайындықтан келесі жағдайларда шеттетіледі: 1)білім үлгірмеушілігі ; 2) ішкі ережелерді бұзғаны үшін; 3) ауру, отбасылық және қызмет  жағдайлары бойынша себептерді қоспағанда, академиялық кезеңде 16 сағат оқуға қатыспағаны үшін; 4) өз қалауы бойынша; 5) денсаулық жағдайына байланысты; 6) ақысыз негізде оқыған жағдайда білім алуға ақы төленбеген жағдайда; 1) - 5) тармақшалар бойынша шеттетілген студенттер әскери дайындықты қайта жалғастыруға жатпайды. Тек оқытуға ақы төленбеген студенттерге  әскери дайындықты жалғастыруға рұқсат беріледі. Олар оқудан шектету  туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі апта ішінде төлеген жағдайда оқуды жалғастырады. Студенттің оқуды жалғастыруы мен ауысуы ЖОО-ның басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Ақылы оқу  түрінін ақысыз оқу түріне ауысу ЖОО ректорының бұйрығымен, әскери кафедра бастығының оқу процессі бойынша ұсынуы арқылы жүзеге асады. Оқуда озат студенттерді ынталандыру мақсатында ЖОО басшылығы ақылы түрде оқитын студенттердің төлемін қайтару шарасын қолданады. Ақылы оқу түрінен ақысыз оқу түріне ауыстыру: әскери кафедрада бірінші оқу жылы оқуға түсу кезінде іріктеу комиссиясының отырыс протоколына сәйкес рейтингтік балға карап жүзеге асырылады. Екінщі жылда оқу-бірінші жылдың қортындысы бойынша жүзеге асады. Алмасуға үміткер әскери кафедра отырысында талқыланады. Әскери дайындықтағы, ЖОО ректорының бұйрығымен басқа оқу орнына (соның ішінде шет елдерге) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынща жөнелтілген студенттер оқудан шеттетілмейді. Бұл студенттерге ЖОО-на жеткен кезде, әскери кафедра бастығымен бекітілген жеке сабақ кестесі дайындалады. Академиялық демалыс алған студенттер, академиялық демалыс уақытында әскери дайындықтан шеттетіледі. Академиялық демалыс аяқталған уакытта бұл студенттер ЖОО ректоры бұйрығымен оқуға қайта оралады.  Әскери кафедрада мемлекеттік тапсырыспен немесе ақылы оқитын студенттерді басқа ЖОО-на ауыстыру, өзі оқыған, әскери-тіркеу мамандығына сәйкес жүргізіледі. Оқуды ақылы негізде жалғастыру негізінде ақылы оқу түріне ауысуға болады. Кейбір жағдай ретінде, осы әскери-тіркеу мамандығында ақысыз түрде оқуға бос орын болған жағдайда болады. Әскери кафедраға қабылдау университеттің басшысының бұйрығымен, студенттің ауысып жатқан әскери кафедрасы ҚР ҚМ Кадрлар және әскери білім департаментіне және осы жоғары оқу орындарына жауапты министрліктермен келісім бойынша жүзеге асырылады.

  

Әскери кафедраның байланыс телефондары 8(7242)276052, 8(7242)276167,

тел.факс 8(7242)277215

Соңғы өзгерістер подполковник Б.Бекниязовпен 03.05.2018ж. еңгізілді.

JoomShaper