Баспасөз орталығы

 

Құрметті университет ұжымы, журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі Сіздерге қажетті ақпараттарды ұсынуға әрқашан дайын.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті баспасөз орталығының негізгі атқаратын қызметі:
- Республикалық, облыстық және қалалық БАҚ-пен тығыз жұмыс жасау;
- университеттік іс-шараларды БАҚ арқылы таратып отыру;
- медиа-жоспар жұмысының жүйелі орындалуын назарға алу;
- «Сыр түлегі» газетінің жұмысын жандандыру, сапасын қадағалау.
Міндеті - орталық бойынша бекітілген құжаттарды зерделеуге, университеттің ақпараттандыру саласындағы Саясатын басшылыққа алуға, университет сайтына күнделікті келіп түсетін ақпараттарды талдауға, республикалық, облыстық, қалалық мерзімді басылымдардағы мақалаларды университет ректорына ұсынып отыруға, университет көлемінде атқарылып жатқан іс-шараларды БАҚ құралдары арқылы таратып отыруға, «Сыр түлегі» газетінің жұмысын жандандыру және уақытылы шығуына, университеттің жыл сайынғы медиа-жоспарын жасауға міндетті.
Баспасөз хатшысы - Бозанова Айгерім Нажмадинқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аумағында бейне түсірілімдерін жүргізуге, университет ректорынан интервью және ресми мәлімдеме алуға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7242) 262134 байланыс телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.

 

Мекен-жайы:
Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимараты, кабинет 203
Телефон/факс: 87242 (262134)

 

 

 

JoomShaper