Әлеуметтік-ізгілендіру пәндер кафедралары

 

Кафедра меңгерушісі - философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Бермаханов Оңғар. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің философия және мәдениеттану кафедрасының тарихы сонау 1937 жылдан бастау алады. Кафедра Кеңес Өкіметінің репрессиялық саясатының барысында Қиыр Шығыстан қоныс аударған Қиыр Шығыс педагогика институтының марксизм және ленинизм кафедрасының негізінде құрылған.
2012 жылдан бері философия және мәдениеттану кафедрасына философия ғылымдарының кандидаты Бермаханов Оңғар жетекшілік жасап келе жатыр.
Кафедрада бакалавр және магистранттарға арналған төменде көрсетілген гуманитарлық пәндер оқытылады:
Философия;
Мәдениеттану;
Дінтану негіздері;
Ғылым тарихы мен философиясы;
2003 жылдан бастап университетте «Кредиттік технология» жүйе енгізілуіне байланысты кафедра оқытушылары қазақ және орыс тілдерінде сапалы әрі жаңа кредиттік жүйе талаптарына сәйекес келетін оқу - әдістемелік материалдарды дайындап келеді:
- студенттер мен магистранттарға арналған оқу бағдарламалары (СИЛЛАБУС)
- пәндердің оқу - әдістемелік кешендері (ОӘК)
- пәндердің тақырыптарына байланысты кафедраның тест тапсырмалар жинағы.
Кафедра 2004 жылдан бастап сертификатталған оқытушылардан үнемі оқу- әдістемелік процестің жетілуін және ұсылынып отырған білімнің сапасын жетілдіріп отыруды талап ететін сапа менеджмент жүйесі бойынша басқарылып келеді.
Оқытушылар жұмыс барысында жаңарған жетілген әдістерді пайдалана отырып сабақ өтеді («тренингтер», «интерактивті тақтаны» пайдалану, «тематикалық ойындар»)
Кафедра құрамы:
Кафедра құрамы 10 адамнан және 1оқу көмекші персоналдан құралған. Кафедрада 1философия ғылымының докторы, 4 философия ғылымының кандидаты, 1 филология магистрі және 2 тарих магистрі жұмыс жасайды.
Ғылыми атағы мен дәрежелері бар профессор - оқытушылар құрамының орта жасы 45 жасты құрайды.
Кафедра жаналықтары:
2013 жылы кафедра оқытушысы Д.Омаров Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті.
Кафедраның басты міндеттері:
Кафедра оқытушылары ғылыми бағыттар аумағы: заманауи мәдениеттің визуалдық мәселелері, философия және өнер, ақпараттық мәдениет, заманауи көркемдік мәдениеттегі интернет -технологиялар, білім философиясы.
Ғылыми - әдістемелік жұмыс:
Кафедра нәтижелері көптеген ғылыми мақалаларда жарық көрген түрлі ғылыми әдістемелік жұмыстар жүргізіп жатыр:
Бермаханов О. «Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы» //«Мәдени мұра»Алматы,2013ж.
Сейсенов Б.С. «Техникалық ғылымдардың жаратылыстану ғылымдарымен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктері», Үздіксіз білім берудің сапасын арттыру мәселелері: инновациялар және басымдықтар (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, І-бөлім), 32-бет, Қызылорда – 2011, 21 желтоқсан
Кулбашева Г.К. «Феномен независимости: философский аспект //Материалы IX Международной научно-практической конференции «Современные исследования-2013»-том 11.-София,2013г.
Әпенов Б.М. «Құқықтық сана және құқықтық мәдениет» //Материалы Первого форума «назарбаевские чтения».-Астана,2013ж.
Исабекова А.А. «Межпредметная интеграция как модель современного образовательного процесса» // «Хабаршы» №3.-Кызылорда,2013г.
Оқу - әдістемелік жұмыс:
«Кредиттік технология» жүйе енгізіуне байланысты кафедра оқытушылары қазақ және орыс тіліндегі сапалы және жан-жақты жаңа кредиттік жүйе талаптарына сәйекес келетін оқу - әдістемелік материалдарды дайындап келеді:
1.Оқу құралдары
2.Көмекші оқу құралдары (сөздіктер, глоссарийлер, анықтамалықтар, библиографиялық материалдар)
3.Магистранттар мен студенттерге арналған оқу пәндерінің бағдарламалары (силлабустар)
4.Пәндердің оқу - әдістемелік кешендері ( ОӘК)
- Б.С.Сейсенов. Ғылым техникалық таным философиясы. Монография.Алматы, 2011, 308б.
- О.Бермаханов. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары. Монография.Қызылорда, «Тұмар» 2008ж,-160б.
- Г.К. Кулбашева. 1001 тестовое задания по философии (для нефилософских
специальностей).-Кызылорда.:КГУ, 2008г.
- Г.К.Кулбашева. Учебная программа курса «Этика и эстетика».-Кызылорда.: КГУ,2011г.- 17с. С приложением электронного учебника «Эстетика и искусство».
- Г.К.Кулбашева. Учебная программа курс «Основы религиоведения».- Кызылорда.: КГУ,2013г.-16с.
- А.А.Исабекова. Рабочая тетрадь по культурологии.-Кызылорда.:КГУ,2008г.
Кафедра гуманитарлық пәндерді оқытудағы жан-жақты өзекті мәселелерді қамтитын бірнеше конференцияларға қатысты:
Бермаханов О. «Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы» //«Мәдени мұра»Алматы,2013ж.
Кулбашева Г.К. «Феномен независимости: философский аспект //Материалы IX Международной научно-практической конференции «Современные исследования-2013»-том 11.-София,2013г.
Әпенов Б.М. «Құқықтық сана және құқықтық мәдениет» //Материалы Первого форума «назарбаевские чтения».-Астана,2013ж.
Исабекова А.А. «Межпредметная интеграция как модель современного образовательного процесса» // «Хабаршы» №3.-Кызылорда,2013г.
Тәрбие жұмысы:
Философия және мәдениеттану кафедрасы жастардың салауатты өмір салтының, рухани-адамгершілік сипатының, белсенді өмір салты мен экологиялық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін біраз іс-шараларды өткізіп келеді. 2013 жылдың 21-қарашасында кафедра оқытушылары «Бүкіл әлемдік философия» күніне арнап университет ішінде «Қорқыт: мәнгілігі және өлімі,өмірі» атты тақырыпта сайыстық философиялық эссе ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары:
- Казақстандық қоғамның рухани дамуының ерекшеліктері және ұлттық жаңғыру мәселелері
а) саясат және құқық философиясы
б) ұлттық философияны дамыту мәселелері
в) қазіргі мәдениет дамуының мәселелері
1.Бермаханов О.Б. «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары»
2.Сейсенов Б.С. «Методологические аспекты технических наук»
3. Құлбашева Ғ.Қ. «Философский анализ феномена визуализации культуры»
4.Әбдіраманова АТ. «Показатели профессиональной культуры в традиционной и рыночной экономике Казахстана»
5. Әпенов Б.М. «Национальная традиция как отражение национального бытия»
6. Исабекова А.А. «Роль ораторского искусства в духовной жизни казахского народа»
7. Анламасова Ы.Ж «Особенности формирования бытия казахской философии»
8. Изтелеуова А.С. «Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының игерілу тарихы: жаңа тарихи контексте талдау (1946-1991жж)»
9. Телеубаев Т.Р. «К вопросу о влиянии религии на формирование социальных норм в обществе »
10. Әбікенов Ж. «Ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделі»
Ғылыми байланыстар:
-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(Алматы)
-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті(Алматы)

Кафедра меңгерушісі: академиялық доцент Мощеев Владимир Викторович. Жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі пәні барлық жаңа заман талабына сай кәсіби мәдениетті маман дайындайтын ұлттық бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады. Барлығына міндетті оқу пәні ретінде кәсіби дене шынықтыру дайындығын, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелейтін, саламатты өмір салтын дамыту барысында студенттерің денсаулығын нығайтуға арналған психологиялық бірден-бір құрал.
«Дене тәрбиесі» кафедрасының негізі 1937 жылы құрылды.
«Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттердің денсаулығын нығайту, болашақ отбасының ата-анасын, кәсіби білікті маман қалыптастыру болып табылады.
Кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 п.ғ.к., 1 доцент, 3 магистр, 7 аға оқытушы, 10 оқытушы.
«Дене тәрбиесі» кафедрасы «Хореография», «Дене шынықтыру және БӘД», «Музыкалық білім беру», «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандықтарынан басқа барлық мамандықтарды қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік басылымдар:
- Дзюдо күресін үйрету әдістері. - Оқу әдіст. құралы. – Алматы, 2004. – Б. – 150.
- Қимыл-қозғалыс ойындарды оқыту әдістемесі. - Оқу әдіст. құралы. – Алматы, 2004. – Б. – 161.
- Шағын кешенді ауыл мектептерінде дене шынықтыру сабағын өткізу ерекшеліктері. – Оқу әдіс. құралы. – Алматы, 207. – Б.- 180.
- Мектепте ұлттық қозғалыс ойындарын өткізіп, ұйымдастыру. – Оқу құралы. – Шымкент, 2010. – Б. – 208.
Тәрбие жұмысы: Кафедра «Сыр сымбаты» спорт клубымен бірлесіп университетте бұқаралық спортты дамыту мақсатында студент жастар, оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасында жарыстар, спартакиадалар, акциялар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейді. Спорт үйірмелерін, денсаулық күндерін өткізіп, ұйымдастырады.
Ғылыми байланыстар:
- Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (Алматы);
- Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰТУ дене тәрбиесі кафедрасы (Алматы);
- Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (Алматы.
Ғылыми бағыттары:
- Арнайы дәрігерлік оқу топтарында ЕДШ өткізу әдістемесі;
- Сергіту сәттері мен сергіту минуттарын өткізу әдістемесі;
- Дене тәрбиесі жүйесіндегі жеңіл атлетика;
- Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні.
Кафедра жетістіктері:  п.ғ.к. Ж.М.Есиркепов 2011-2012, 2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша университеттің «Үздік оқытушысы» грантының иегері атанды.
ҚР жоғары оқу орындары арасында өткен VІІ-жазғы Универсиадаға кафедраның оқытушылары университеттің үздік спортшыларын қатыстырып, ауыр атлетика, самбо, тоғызқұмалақ, бокс спорт түрлері бойынша 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медалді жеңіп алды.

Кафедра меңгерушісі - тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Қазақстан-2050 Стратегиясының «Жаңа қазақстандық патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты 7-ші басымдығына сәйкес және Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде (07.06.2014ж. №15 Хаттама) Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының ағымдағы жылдың 7 маусымындағы №951-а бұйрығымен ашылды. Кафедра ашудағы басты мақсат - қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін дамыту.
Кафедраның меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы тағайындалды және оның құрамы 10 штаттық бірлікте жасақталды. Өз мақсаты мен міндеттерін орындау барысында кафедра университеттің барлық мамандықтарына (1,2,3 курстардағы білім алушыларға) төмендегі пәндерден дәрістер береді: «Этносаясат негіздері», «Конфликтология», «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография». Аталған пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына және оқу үдерісі мен білім сапасын жетілдіру барысында енгізілген сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес әзірленген.
Кафедрадағы оқытушы-профессорлар құрамының саны-10, оның ішінде 4 ғылым кандидаттары, 6 аға оқытушылар бар және олардың орта жасы-35 жас. Оқу үдерісімен қатар кафедра өзінің қызмет бағытына сәйкес аймақтағы этносаяси дамуға белсене араласатын болады. Бұл ретте Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған. Кафедра меңгерушісі Н.К. Мыңжас бірнеше жылдардан бері қоғамдық негізде ҚОҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі қызметін атқарып келеді.
ҚР Президентінің мемлекеттік этносаясат бойынша айқындап берген даму бағытын практикалық және ғылыми негізде іске асыруға, яғни этносаралық ынтымақ пен конфессияаралық татулықты, ұлттық бірлікті баянды етуге, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсенді қызмет ету кафедраның алға қойған міндеттері болып саналады.
Бүгінгі күні кафедра оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және қоғамдық-тәрбиелік жұмыстарын қамтитын жаңа оқу жылындағы жоспарына сәйкес өз қызметін бастады.

 

«Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу көрме залы

 

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор м.а. Нурекешова Гульсим Рахметбековна.

«Практикалық ағылшын тілі» кафедрасы 2013 жылы 2 қыркүйекте құрылды. Университет даярлайтын мамандықтар бойынша кафедра оқытушылары қазақ және орыс топтарында «Шетел тілі», «Кәсіби бағытталған шетел тілі» және «Оқытудың қосымша түрі» пәндерінен сабақтар жүргізеді.

Кафедра оқытушылары практикалық сабақтарда Oxford баспасынан шыққан «Solutions», «The Business», «English File», «Oil and gas», «Professional English in Use» сияқты оқу-құралдары мен оқулықтар пайдаланады және кәсіби бағытталған мамандықтар бойынша мамандыққа сай әдебиеттер қолданады.

«Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының атқаратын қызметі – ағылшын тілінен практикалық сабақтарды оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, күндізгі және сырттай бөлімдерге экономикалық, техникалық, педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану, аграрлық мамандықтарының білім алушыларына қазіргі заман талабына сай үштілде білім беру бағдарламасымен оқитын оқу топтарын үздіксіз деңгейлеп оқыту, бәсекеге қабілетті тұлға мамандарын даярлау.

«Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының міндеттері:

- Университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушыларының оқу үдерісінде ағылшын тілін еркін меңгеру дағдысын жетілдіру;

- жыл сайын үштілде білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалавриат және магистратура мамандықтарының оқулықпен, оқу- әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу;

- университеттің кітапхана қорын заманауи әдебиеттермен (оқу- әдістемелік, ғылыми және т.б.) толықтырып отыру;

- кітапхананың электронды базасын әдебиеттермен және мультимедиялық материалдармен толықтыру.

Кадрлық әлеует

Кафедраның кадрлық әлеуеті ағылшын тілінен дәріс беретін профессор-оқытушылар құрамынан жасақталған. Кафедрада 18 оқытушы және 1 лаборант жұмыс жасайды. Оның ішінде доцент-1, филология ғылымдарының кандидаты -3, аға оқытушы - 7, оқытушы - 8, магистр -12.

1. Нурекешова Гульсим Рахметбековна - кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымд.профессор.м.а.

2. Садыбекова Салима Ізбасқанқызы - ф.ғ.к., доцент

3. Диуанова Райкул Кеңесбайқызы - ф.ғ.к., аға оқытушы

4. Каримова Галина Аликовна - аға оқытушы, магистр

5. Таныбергенова Сауле Сергеевна - аға оқытушы, магистр

6. Жапбаров Нұрғазы Абсадыкович - аға оқытушы, магистр

7. Шукенова Құралай Сейітовна - аға оқытушы, магистр

8. Сардарова Эльвира Асанбековна - аға оқытушы, магистр

9. Ташенова Жанат Ахтаевна - аға оқытушы

10. Оспанова Баян Жалгасбаевна - аға оқытушы

11. Білтекенова Гульмира Баймахановна - оқытушы, магистр

12. Мұханова Марина Жұмабайқызы - оқытушы, магистр

13. Мадибаева Света Кушербаевна - оқытушы, магистр

14. Ниталиева Бахыткуль Кыдыровна - оқытушы, магистр

15. Жаманова Гулжаз Елубайқызы - оқытушы, магистр

16. Бекіш Ербол Тнейбекұлы - оқытушы, магистр

17. Байниязова Эльмира Мерекеқызы - оқытушы, магистр

18. Сембиева Гулмира Махамбетқызы – оқытушы

19. Мусаева Марзия Даулетбаевна – лаборант

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Профессор-оқытушылар құрамы кафедрада түрлі бағыттағы ғылыми- әдістемелік жұмыстар жүргізумен қатар ғылыми мақалаларын Халықаралық, Республикалық, облыстық және университеттік басылымдарда жариялап отырады.

Шетелдік басылымдардағы жарияланымдар

Ф.ғ.к. Нурекешова Г.Р. «Effectiveness of using games in teaching grammar to language learners» атты мақаласы «ІScience Актуальные научные исследования в современном мире» атты ғылыми еңбектер жинағында Переяслав-Хмельницкий Выпуск №9 (29), Часть 3, Стр.113-117, Сентябрь 2017 жариялады.

Кафедра аға оқытушысы Р.К.Диуанованың “The formation of professional competencies of college students by means of interactive methods of teaching’’ атты мақаласы QUID-Investigation (SCOPUS) журналында 04.09.17. Medellin-Colombia жарық көрді.

Кафедра доценті, ф.ғ.к. С.І.Садыбекованың «Variety trial on tomato hybrids in greenhouse condition of the PreAral area of Kazakhstan» атты ғылыми мақаласы SCOPUS (Online Journal of Biological Sciences. ISSN 16087217. DOI:10.3844/ojbsci.2017.26.34.USA, 2017.p.26-34) Science Public. басылымында жарияланды.

Кафедра аға оқытушысы, ф.ғ.к. Р.К.Диуанованың “Тhe formation of professional competencies of college students by means of interactive methods of teaching» атты мақаласы SCOPUS (Medellín-Colombia Special Issue №1 QUID 2017, pp.784-789 (Recibido el 15-06-2017. Aprobadoel 04-09-2017, ISSN 1692-343X) QUID-Investigation басылымында жарияланды.

Кафедра оқытушысы Е.Т.Бекіштің «Formation of ethnic-identity of schoolchildren by means of museum pedagogics» атты мақаласы Scopus 2018/02/01online Helix ISSN 2319 – 5592 басылымында жарияланды.

Аға оқытушы Р.К.Диуанованың “The logic of realization of the student’s personality formation model through the means of the subjects of the language cycle» атты мақаласы “Modern Journal of Language Teaching Methods” Vol. 7, Issue 9, September 2017 р.535, имп.ф.:1.38 ISSN: 2251-6204 журналында және «Мethods of assessing students’ self-regulated learning skills” атты мақаласы “Modern Journal of Language Teaching Methods”Vol. 7, Issue 2, September 2017 р.168-170 имп.ф.: 1.38 ISSN: 2251-6204AD ALTA-JOURNAL Of INTERDISCIPLINARY RESEARCH журналында жарық көрді.

Е.Т.Бекіш, Н.А.Жапбаров «Проблемы межкультурной коммуникации в обучении иностранным языкам» атты мақалалары “Innovation management and technology in the era of globalisation”, V халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағында (8-11 қаңтар, 2018ж.) Александрия-Шарм-Әл-Шейх, Египетте жарияланды.

Кафедра оқытушылары С.С.Таныбергенова, Р.К.Диуанова «Teaching foreign languages in a non-linguistic higher educational institution: formation of professional foreign competence» және «Қазақ-ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафоралық атаулардың дүниенің тілдік бейнесіндегі алатын орны» атты мақалалары (26-28 февраля 2018 г. Том III, Секция 10.00.00 – Филологические науки, стр. 291978-601- 2 ISSN:67-055-4) Киото қаласында (Япония) өткен «Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности» атты III Халықаралық конференция жинағында жарияланды.

Облыстық басылымдағы жарияланымдар:

2017 жыл қараша айында аға оқытушы Ж.А.Ташенова «Teaching methods of English as a second language» атты мақаласы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ №1 (48) «Хабаршы» ғылыми журналына жарияланды.

Кафедра доценті С.І.Садыбекова Академик А.Д.Таймановтың 100 жылдығына арналған "Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары" атты Екінші халықаралық ғылыми Тайманов оқуларына қатысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жастардың ғылыми-инновациялық шығармашылығы» тақырыбындағы XХ ғылыми конференциясы 2018 жылдың 27 наурызда «Заманауи әлемдегі білім: шетел тілін оқытудың өзекті мәселелері» секциясы бойынша жұмыс жасады.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 80 жылдығына орай кафедра доценті С.І.Садыбекова және аға оқытушы Н.Ә.Жапбаров ҚР БжҒМ-нің Құрмет Грамотасымен, ал аға оқытушы Р.К.Диуанова Қорқыт Ата медалімен марапатталды.

 


Мекен жайымыз: №1 оқу ғимараты, Желтоқсан көшесі, 40
Телефон8 (7242) 27 01 64, e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

JoomShaper