Студенттердің жетістіктері

2017-2018 оқу жылындағы студенттердің жетістіктері

 

  

 

29-30 наурыз

Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен 5В020800-Археология және этнология мамандығы бойынша Х республикалық студенттік пәндік олимпиада
«Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ә. Тәжекеевтің жетекшілігімен АЭ-16-1 оқу тобының студенті Қаражан Гүлдинер және АЭ-17-1 оқу тобының студенттері Сәбитұлы Елжан, Әлибай Бауыржан, Есімахан Фариза, ІІ орын 

 

   

 

 

29-30 наурыз

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша дәстүрлі X –ші Республикалық студенттік пәндік олимпиада
 «Кәсіби оқыту» кафедрасының 3 курс студенттері командасы –Төлебай Назерке , Шайхслам Бағжан, Нұрлыбек Назерке, Жұмағұлова Гүлжайна, Жақсылық Гулжахан, III орын және ректордың атына «Алғыс хат»

 

  

 

28-29 наурыз

Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» «Кескіндеме», «Станокті графика» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиада, «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясынан жүлделі ІІI орынға Натиша А., «Мүсін» номинациясы бойынша ІІІ орынды Мадияр Н. иеленді, «Кескіндеме» номинациялары бойынша Искакова Г, Газизова А сертификатқа ие болды.

 

 

 

19-32 ақпан

Киокушинкай-кан каратэден «WEST CUP» ашық Республикалық турнирі
ФКС-16-1 оқу тобының студенті Нұрбақыт Жұмабеков, 1 орын

 

 

 

9-12 ақпан Ақтау қаласында әйелдер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алатын Сайын Адия 1-орын, Қуанышова Жанкерке 2-орын, Қанзада Арайлым 2-орын

 

 

 

6 ақпан

"Алматы Менеджмент универсиетінде" ұйымдастырылыған республикалық "Project night" жобалар жарысы
(Фин1-16-1 оқу тобы ) Жанарыс Тубекбаев, (УиА-16-1 оқу тобы) Бексұлтан Тұрсын, (Ж-16-1 оқу тобы)Дастан Айтбай, (ХТО-16-1 оқу тобы) Асхат Әбдіразақ,  1-орын

 

 

 

5-9 ақпан 

Петропавл қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты
ФКС-16-1 оқу тобының студенті ҚР спорт шебері Дастанбек Алпамыс, 2-орын

 

 

 

қаңтар 

 «English with us» бренд елшілерінің байқауы 
«Мұнай газ инжинирингі» кафедрасының оқытушысы Жақсылықов Еркебұлан Әділбекұлы, грант иегері  

 

 

 

24 қаңтар

Шымкент қаласында аймақтық «Kazakhstan Spelling Bee» сайысы
АЯ-14-3 оқу тобының студенті Арынгазы Газиза , 3орын 

 

   

 

 

 

 

26-27 желтоқсан

Қазан қаласында белбеу күресінен жастар арасында Әлем чемпионаты
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Қанзада Арайлым, қола медаль

 

   

 

 

23 желтоқсан

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қайырымдылық марафоны
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Мұратхан Ерлібек, 2-орын

 

 

 

18-19 желтоқсан

«Hack day-2017» Қызылорда аймақтық конкурсы
«Контент және медиа» секциясы бойынша
І орын АТ және ҒЖК басқармасының қызметкерлері Б.Қадырбеков, А.Қарташ, Б.Жұмаділла және студент Е.Есмағанбетовке
ІІ орын АКТ кафедрасының магистраныт Ж.Сұлтанбекұлы
ІІІ орын ЕТ және АЖ кафедрасының студенті Әбу Асқар командасы

«Кино және видео» секциясы бойынша
ІІІ орын Су шаруашылығы кафедрасының студенті Тұрсынай Азаматтың командасы

 

JoomShaper