ҚМУ жанындағы заң клиникасы

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы заң клиникасы облыс және қала тұрғындарына азаматтық, отбасы, тұрғын үй, жер, еңбек қатынастары бойынша тегін заңгерлік қызмет жасайды (азаматтық істер бойынша кеңес беру, талап арыздарды дайындауға көмектесу).

Заң клиникасының міндеттері:
- құқық саласының мәселелері бойынша тегін кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- тұрғындардың құқықтық сауаттылығы дәрежесін жоғарылатуға атсалысу;
-  жергілікті сот және басқада құқық қорғау органдарымен университеттің қызметтік ынтымақтастығын кеңейту;
- студенттердің іс жүзінде құқықтану мамандығы бойынша машықтануына мүмкіндік жасау.

Заң клиникасының қызметі:
- азаматтарға заңгерлік кеңестерді тегін алуға мүмкіндік жасау;
- талап арыздар, шағымдар мен басқада құқықтық тұрғыдағы құжаттарды толтыруға көмек көрсету;
- жергілікті сот және басқада құқық қорғау органдарының қызмет бабында жасаған құжаттарын университеттің заңгерлік білім беру саласында пайдалану;
- университет оқытушыларына дәрістік және семинар сабақтарында жергілікті сот және басқада құқық қорғау органдарының іс жүзінде атқарған құжаттарын пайдалану үшін зерттеуін қамтамасыз ету;
-  университет студентеріне дәрістік және семинар сабақтарында жергілікті сот және басқада құқық қорғау органдарының іс жүзінде атқарған құжаттарын оқып-үйренуін қамтамасыз ету;
- жергілікті сот және басқада құқық қорғау органдарымен университеттің  нақты қызметтік байланыс жасауының негізін қалау;
- азаматтардың құқық саласындағы мұқтаждықтарына дер кезінде көмек көрсету мақсатында тұрғындар, ақпарат құралдары мен заң клиникасы арасындағы байланыстардың тиімді механизмін жасау;
- қолданыстағы заңнамалардың мәні мен мақсаттарын түсіндіруге бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және тұрғындардың құқықтық білімін артыратын іс-шараларды жүзеге асыру.

Заң клиникасы міндетті:
- азаматтарға заңгерлік кеңесті тегін беруге;
- тұрғындардың құқықтық білімін артыратын іс-шараларды жүзеге асыруға.


Заң клиникасының жұмыстары жайлы анықтама



Мекен-жайымыз: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимараты,
2-қабат «Құқықтану» кафедрасы.
Байланыс телефон номерлері: 27-47-95, 27-68-76, 8-777 257 20-15

JoomShaper