Мұражай

Мұражай – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, тарихымыздың өткені мен бүгінін жалғап отырған университетіміздегі ғылыми-зерттеу, насихаттау жөніндегі мәдени орталықтарының бірі.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанында тарихи мұражай, этнографиялық мұражай жұмыс атқарады.

Мұражайда 1952 жылы наурыз айында институтқа Н.В.Гоголь, 1992 жылы Қорқыт Ата есімінің берілуі және 1996 жылы институттың университет дәрежесіне көтерілуі мен 1998 жылы университеттің мемлекеттік мәртебе алуын дәлелдейтін құжаттар бар. 

Университет факультеттерінің тарихи құрылымы, даму кезеңдері, ғылыми жетістік көрсеткіштері, университет жанынан ашылған колледж, Қазақ-түрік лицейі, «Қабілет» бейінді білім беру гимназиясы, кітапхана қоры, республикаға танымал «Сыр сұлуы» халық ән-би, «Дидар» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің тарихы түгел қамтылып, жыл сайын толықтырылуда. Сол сияқты әр жылдарда қызмет еткен ғалымдардың, оқытушылардың ғылыми еңбектері, фотосуреттері сақталуда.
 
Университетімізді бітірген түлектердің көпшілігі республикаға, шетелге танымал ғалым, қоғам қайраткерлері. Олар - философия ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, филология ғылымдарының докторы Р.Бердібаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Тұрлығұл, биология ғылымдарының докторы, академик А.Саданов, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, профессор Қ.А.Бисенов. Осы аталған ғалымдардың фотосуреттері мен ғылыми жинақтары мұражай қорында сақталған.

Университет түлектері, қазақтың жезтаңдай әншісі, Сыр өңірінің тумасы Р.Бағланова, айтыс ақыны Л.Әбдіқалықова, ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы, әлемнің 3 дүркін чемпионы Илья Илиьн, тағы басқа көптеген тұлғаларды мақтанышпен айтуға болады. Осы мәліметтерді тарихи мұражайдан көре аласыздар.
 
Мекенжайымыз: тарихи мұражай - Ы.Жақаев көшесі, 75 үй, 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында 1 қабатта орналасқан.

JoomShaper