Талапкер-2018

 

Университет магистратурасының мамандықтары бойынша үміткерлерден арнайы пәндерден емтихан қабылдау КЕСТЕСІ

Университет докторантурасының мамандықтары бойынша үміткерлерден арнайы пәндерден емтихан қабылдау КЕСТЕСІ

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі және шарттары

20 маусым-01 шілде

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу

20 маусым-07 шілде

Шығармашылық мамандықтарға өтініш қабылдау.

08 шілде-13 шілде

Шығармашылық емтихандар.

20 маусым-14 тамыз 

Арнайы емтихандарға өтініш қабылдау (педагогикалық мамандықтар).

20 маусым-14 тамыз 

Арнайы емтихан (педагогикалық мамандықтар ).

01 маусым-20 маусым 

Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау.

14 шілде-18 шілде 

Кешенді тестілеу.

18 шілде-26 шілде

Мемлекеттік білім беру гранттар сайысына құжаттарды қабылдау .

25 шілде-03 тамыз 

Кешенді тестілеуді қайта тапсыруға өтініштерді қабылдау.

15 тамыз-19 тамыз 

Кешенді тестілеуді қайта тапсыру.

20 маусым-25 тамыз

Жоғары кәсіби білім негізінде құжаттарды қабылдау.

10 тамыз-25 тамыз 

ҚМУ-не студенттер қатарына қабылдау.

 

Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы 10-25 тамыз аралығында өткізеді. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі құжаттары бар түлектерді оқуға қабылдау үшін қажетті ең кемінде – 50 балл (жоғары кәсіптік білімнен басқа), оның ішінде негізгі және бейінді пәндерінен кемінде 5 балл.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін - ең кемінде 25 балл, оның ішінде негізгі пәннен және бейінді пәннен кемінде 5 балл.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары

Ұлттық бірыңғай тестілеудіңнемесе кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Ұқсас мамандықтар тізімі

Талапкерлер назарына!

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы.


Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі – 18 шілдеден 26 шілдеге дейін.
ҰБТ және кешенді тестілеуді өткен түлектер, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға және ЖОО қабылдану үшін келесі құжаттарды тапсырады:
1) қабылдау туралы өтініш;
2) жалпы орта (жалпы орта білім) туралы құжат (түпнұсқа);
3) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің мемлекеттік сертификаты;
4) 3*4 көлеміндегі 6 фотосурет;
5) медициналық анықтама (086-У нысаны) нарко-, психдиспансер мөрімен + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру(түпнұсқа), екпе картасының көшірмесі;
6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);
7) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;
8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
9) бауы бар папка, конверт.
Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.
Кешенді тестілеу төрт пән бойынша өткізіледі:
- мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі),
- Қазақстан тарихы,
- математика,
- таңдау пәні.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа) + 2 көшірме;
3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;
6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
8) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;
9) бауы бар бума, конверт.
Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі – 18 шілдеден 26 шілдеге дейін.
* Кешенді тестілеуді қайта тапсыруға қатысу үшін қабылданушы жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына арнайы нысан бойынша бекітілген бланкіде өтініш, жалпы орта білім туралы аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сонымен қатар ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификатын тапсырады.
Қосымша кешенді тестілеуге қатысу үшін шартты түрде қабылданған студент жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына арнайы нысан бойынша бекітілген бланкіде өтініш, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек тапсырады.

Кешенді тестілеуге төлеу үшін банк реквизиттері:
Талапкерлердің кешенді тестілеу бағасы 2242 теңгені құрайды «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімшелерінде
ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК. Төлем абитуриенттің өз атынан жасалуы тиіс.
010011 Астана қ., Жеңіс пр., 60
РНН 600300086081
БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515
БИК НSBKKZKX
КБЕ 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыратын түлектердің өтініштері қабылдау 20-маусымнан 18-тамызға шейін қабылдау комиссиясында қабылданады.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 7 шілде аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы жүргізеді. Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
Мектеп түлектері мен колледжден кейін ұқсас емес мамандықтарға түсушілер үшін - әр мамандық бойынша шығармашылық емтихандар көлемі - 2. Әрбір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны - 40. Әрбір шығармашылық емтихан бойынша 15 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихы.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін - 1 шығармашылық емтихан,
Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны - 20.
Шығармашылық емтихан бойынша 5 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Шығармашылық мамандыққа түсетін тұлғалар үшін бейінді пәннен тестілеу нәтижелері есепке алынады.

Екінші жоғары оқу орнына құжаттарды қабылдау 1 маусымнан 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) қабылдау туралы өтініш;
2) диплом қосымшасымен (тұпнұсқа) + 2 көшірме;
3) 3*4 көлеміндегі 6 фотосурет;
4) медициналық анықтама (086-У нысаны) нарко-, психдиспансер мөрімен + көшірме;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) бауы бар папка, конверт.
ЖОО-ға қабылдау коммиссия өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
1) ректордың атына өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің мемлекеттік сертификаты;
4) мемлекеттік білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлік (бар болса);
5) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;
7) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);
8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
9) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;
10) ақылы түрде оқитын талапкерлерге келісім шарт;
11) талапкердің жеке картасы;
12) бауы бар бума, конверт.
Білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарының білім беру туралы құжаттары, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру, біліктілігі расталған білім беру құжаттары бар және мамандығы бойынша кем дегенде бір жыл кәсіби тәжірибесі бар адамдар, қосымша келесі құжаттардың бірін тапсырады.
13) Еңбек кітапшасы;
14) жұмыс берушінің қолы қойылған, тиісті түрде мөрмен куәландырылған (егер бар болса) қызмет тізімі (қызметкердің еңбек қызметі жұмысы туралы ақпарат тізімі),
15) қызметкердің қызметі туралы ақпаратты қамтитын мұрағаттық анықтама
* Шартты түрде қабылдануға үміткер түлға қабылдау комиссиясына өтінішке қоса жалпы орта білім туралы немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы құжат (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, кешенді тестілеудің немесе кешенді тестілеуді қайта тапсырған сертификатын тапсырады.
Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғаларға куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнынына қабылдану жөнінде өтініш білдіреді және ректорының бұйрығымен жоғары оқу орнының студенттер қатарына қабылданады

 

JoomShaper