Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы


2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша, 2008 жылы «Заңгер» мамандығын бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының редакторы қызметінен бастаған. 2001-2002 жылдар аралығында «Сета» ЖШС-нің «Сета» радиосының қазақ тілінде хабар тарату бөлімінің бас редакторы болды.
2002-2003жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы қызметін атқарды. 2003 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі.
2003-2004 жылдары ҚР Ақпарат министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Ақпарат басқармасының жетекші маманы;
2004-2005 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті, БАҚ басқармасының бас маманы болды.
2005-2006 жылдары Облыс әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы.
2006-2008 жылдары Облыс әкімінің көмекшісі.
2008-2012 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.
2012-2013 жылдары Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2013-2014 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2014-2015 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
2015 жылдың 24 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

JoomShaper