Аманова Жанна Нұрланқызы 

 Қызылорда облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

• 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін ағылшын тілінің аудармашысы-оқытушысы мамандығы, 2005 жылы – Халықаралық бизнес академиясын «қаржы» мамандығы, 2013 жылы – Көшбасшылық және менеджмент институтын (Лондон қ.) менеджмент мамандығы, 2015 жылы - Аlma management university маркетинг мамандығы бойынша бітірген.
• Еңбек жолын 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ағылшын тілінің оқытушысы болып бастады.
• 2003-2013 жж. - «Петроказахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ тендерлер мен келісімшарттар бөлімінің маманы.
• 2014 жылдың сәуір айынан - Denimex, Inc (АҚШ, Хьюстон) тәуелсіз бизнес-кеңесшісі, Қызылорда қаласындағы өкілі.
• 2015 жылдың наурыз айынан – Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-консультант» және «Бизнес-өсу» бағдарламаларының бизнес-тренері.

JoomShaper