Байманов Шахмардан Асқарұлы 

 Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары

2001–2005 жж. – Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Несие және несиелік құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 – 2007 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі қызметінен бастаған.
2007 – 2008 жж. Қызылорда облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» атқарушы директоры; 2008–2011 жж. «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары;
2011–2012 жж. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебін «Саясаттану» мамандығы «әлеуметтік білім магистрі» бойынша бітірген. 2011–2012 жж. «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры; 2012 – 2015 жж. мемлекеттік қызметке қабылданып, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2015 – 2017 жж. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы (Астана қаласы); 2017 жылдың 27 қаңтарынан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.
Отбасылы, төрт қыз тәрбиелеуде.
Наградталған: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2016 ж.); «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.); «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2012 ж.); «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008 ж.); ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаттары (2005, 2007, 2011, 2012, 2015 жж.); «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалі (2016 г.); «Шанхай ынтымақтастық ұйымына 10 жыл» мерекелік медалі (2012ж.).
Қосымша ақпараттар:
2016 жылдан «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі;
2015 жылдан «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Орталық үйлестіру кеңесінің мүшесі;
2010 жылдан Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесінің мүшесі

JoomShaper