Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы 

 Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «инженер - эколог», 2007 жылы Солтүстік Қазақстан құқық академиясын «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Тайыншы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.
2005-2006 жылдары Тайыншы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы;
2006-2007 жылдары Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің бас маманы;
2007-2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы;
2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы ауыл аумағы ісі жөніндегі комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2011-2013 жылдары ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігі жанындағы өңірлерді дамыту комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы;
2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі жанындағы ауыл және шекаралас аумақтағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары;
2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары;
2016 жылдан осы кезге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы экономикалық инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

JoomShaper