Тұртаев Алмас Ұзақұлы 

 Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

1996-2001 жж. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті механика-технологиялық факультеті;
2003-2005 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті мұнай жане газ факультеті; 2011 ж. - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті саясаттану факультетінің магистранты; 1998-2001 жж. - «СЕТА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазақ тіліндегі жаңалықтар редакторы, тележүргізуші;
2001-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарындағы жауынгер;
2003-2012 жж. - «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-да оператор, слесарь-механик, машинист, инженер-механик;
2010-2012 жж. «НефтьТехСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының кеңесшісі;
2010-2011 жж. - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ Қызылорда облыстық филиалының директоры;
2011 жылғы тамыздан - «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;
2012 жылғы қаңтардан – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.
Қосымша мәліметтер:
2008 жылғы мамыр-қараша аралығында - «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда қалалық бөлімшесінің хатшысы.
2010 жылғы қаңтар – 2011 жылы мамыр айларында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы саяси кеңесінің, саяси бюросының мүшесі.
«Қызылорда» СПК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Наградалары:
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2013 ж.);
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.);
«Атамекен» 2 - дәрежелі медалі (2011 ж.).

JoomShaper