Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті талапкерлерді мемлекеттік білім грантын алу үшін конкурсқа шақырады.

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті талапкерлерді мемлекеттік білім грантын алу үшін конкурсқа шақырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу нәтижелері бойынша талапкерлерден мемлекеттік білім грантын алу үшін конкурсқа өтініштер қабылдау шілде айының 23-31 аралығында жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін кемінде 65 балл, ал «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пәндер бойынша кемінде 5 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 5 балл жинау қажет; жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл болу керек (шығармашылық мамандықтарға тапсырғандар шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл). Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 5-ші оқу ғимараты. Тел.: 23-53-92

JoomShaper