2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарландыру

 

2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) 2017 жылғы 16 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: www.edu.gov.kz және осы жерде орналастырылған. Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша консультация беру жөнінде жауапты тұлға – бас сарапшы Абдикадирова А.А., телефондар 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, қаржы мәселелері бойынша – 74-16-53.
Сұрақтарды жазбаша түрде This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жіберу арқылы қоя аласыздар.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 11 кіреберіс, 1039 кабинет, ҚР БҒМ Ғылым комитеті. Телефон 8-7172-74-24-59. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес (құжаттар қабылдаудың соңгы күні - 2017 ж. 29 қыркүйек).

http://sc.edu.gov.kz/kz/announcements/karzhilandiru/2018-2020-zhildarga-arnalgan-gilimi-zhane-nemese-gilimi-tehnikalik-zhobalar-boiinsha-granttik-karzhilandiruga-arnalgan-konkurstik-kuzhattamaga-ozgerister-men-toliktirular-engizu-turali-habarlandiru_2017-09-01-085500

ТОЛЫҒЫРАҚ ЖҮКТЕУ

JoomShaper