2017 жылғы 28 қыркүйекте өткізілетін академик А.Д.Таймановтың 100 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» атты Екінші халықаралық ғылыми Тайманов оқуларына қатысуға шақырады.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

2017 жылғы 28 қыркүйекте өткізілетін академик А.Д.Таймановтың 100 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» атты Екінші халықаралық ғылыми Тайманов оқуларына қатысуға шақырады.

Оқулардың негізгі бағыттары:
1. Қазіргі заманғы математикалық білім берудің өзекті мәселелері;
2. Алгебра, анализ, математикалық логика және геометрияның іргелі мәселелері.
Жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Бағдарламаға ену үшін ұйымдастыру комитетіне 2017 жылғы 23 қыркүйекке дейін: қатысушының тіркеу формасы, баяндама электронды түрінде өткізілуі қажет. Оқулар материалдарын ғылыми жинақ түрінде баспадан шығару жоспарлануда.

Қатысу тәртібі:
Баспадан шығуы үшін мақала келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1. Баяндама (мақала) мәтіні 4 парақтан кем болмауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы тиіс.
2. Кестелердің, схемалар мен суреттердің тақырыбы көрсетіліп, Wіndows-да терілген болуы қажет.
3. Парақтың параметрлері: жоғарғы - 2,5 см, төменгі - 2,5 см, оң – 2,0 см, сол -2,5 см.
4. Шрифт: Tіmes New Roman, KZ Tіmes New Roman, кегль – 12.
5. Жоларалық: 1 интервалмен.
6. Бірінші беттің сол жағына міндетті түрде ӘОЖ көрсетілуі тиіс.
7. Жаңа жол: 0,9 см.
8. Келесі жолда – ортасынан баяндама (мақала) тақырыбы бас әріптермен (қою шрифтпен).
9. Баяндаманың (мақаланың) тақырыбы астына – парақ ортасына бас әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.
10. Одан төмен жұмыс орындалған мекеменің толық атауы (қою шрифтпен).
11. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) мәтіні.
12. Бір қатардан кейін – Түйіндемесі, баяндаманың аты үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, 4-5 сөйлемнен кем болмау керек.
13. Кілт сөздер (4-5 сөзден тұратын) үш тілде.
14. Қолжазбаның соңында ГОСТ 7.1-2003 талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімі мәтін ішіндегі сілтеменің реттілігіне орай нөмірленеді. Кесте мен графикалық материалдар мақаланың мәтініне сай орналастырылады. Суреттер cdr, pdf форматтарында векторлық графикамен салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ ЖҮКТЕУ

JoomShaper