«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі - Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Қазақстан-2050 Стратегиясының «Жаңа қазақстандық патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты 7-ші басымдығына сәйкес және Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде (07.06.2014ж. №15 Хаттама) Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының 2014 жылғы 7 маусымындағы №951-а бұйрығымен ашылды. Кафедра ашудағы басты мақсат - қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін дамыту.
Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы қызмет атқарады, кафедра құрамы 5 штаттық бірліктен тұрады. Өз мақсаты мен міндеттерін орындау барысында кафедра университеттің барлық мамандықтарына (1 курстардағы білім алушыларға) «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және Рухани жаңғыру пәнінен дәріс береді. Аталған пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына және оқу үдерісі мен білім сапасын жетілдіру барысында енгізілген сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес әзірленген.
Кафедрадағы оқытушы-профессорлар құрамының саны-5, оның ішінде 1 ғылым кандидаты, 3 магистр аға оқытушы, 1 аға оқытушы бар және олардың орта жасы-43 жас. Қазіргі таңда кафедраның екі оқытушысы А.Ж. Оразбақов және Г.А. Гейдарова Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері болып табылады. Сонымен бірге кафедра меңгерушісі А.Ж. Оразбақов Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың төрағасы есебінде облыстық этносаралық қатынастардың сарапшылық жұмыстарына басшылық жасайды. Оқу үдерісімен қатар кафедра өзінің қызмет бағытына сәйкес аймақтағы этносаяси дамуға белсене араласады. Бұл ретте Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған. ҚР Президентінің мемлекеттік этносаясат бойынша айқындап берген даму бағытын практикалық және ғылыми негізде іске асыруға, яғни этносаралық ынтымақ пен конфессияаралық татулықты, ұлттық бірлікті баянды етуге, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсенді қызмет ету кафедраның алға қойған міндеттері болып саналады.
Бүгінгі күні кафедра оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және қоғамдық-тәрбиелік жұмыстарын қамтитын жаңа оқу жылындағы жоспарына сәйкес өз қызметін бастады.

Мекен жайымыз: Айтеке би 29 А
Байланыс телефоны: 8(7242) 27-64-95

 «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу көрме залы

JoomShaper