Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жаратылыстану институты Фкс 18-3 оқу тобының екінші курс студенті Гүлсая Ержан Монғолияның Улан -Батор қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жаратылыстану институты Фкс 18-3 оқу тобының екінші курс студенті Гүлсая Ержан Монғолияның Улан -Батор қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институтының белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікір-сайыс өтті.
Нұр-Сұлтан қаласында таэквондистер арасында Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыс өтті.
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қолдауымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ гуманитарлық-педагогикалық институтының АЯ-17-3 п/я, АЯ-17-5 п/я, АЯ-16-3 п/я топтарына экономика жəне менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты А.С.Шайнуров жүргізген "Кəсіпкерлік негіздері" курсын білім алушылар сəтті аяқтады.
Ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай инженерлі-технологиялық институтының «Абайдың шығармашылығы» атты әдеби-танымдық кеші өтті.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсының тыңдаушыларына Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ЖШС-ның дәрігері Д.Ә.Жолманов пен орталық маманы А.Алтаева «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.
7-192
Университетіміздің тарихы
Университет тарихы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті
1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді.
1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді.
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды.
1994 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды.
1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).
Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты
1976 жылдың 13 шілдесі – Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ).
1990 жылдың 15 қарашасы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпан – Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына оқытушы-профессорлар және студенттер ұжымының ұсынысымен, сондай-ақ қала жұртшылығының қолдауымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамыры – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
1998 жылдың 24 наурызы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).