ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Ардагерлерге құрмет пен көмек көрсету Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің белсенді жастарының әрдайым басты назарында.

Жыл бойы Жастар ісі жөніндегі және Студенттер кәсіподақ комитеті бірлесе отырып Ардагерлер үйіне, Қарттар үйіне,  ҰОС-ның және университет ардагерлерінің үйлеріне барып, қол көмек беріп, сый-құрмет жасап қайтады. Аталмыш шараларға университеттегі белсенді жастар ұйымдары: «Қыз Жібек» қыздар клубы, «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан Студенттер Альянсы» атсалысады.
Дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын игі шара биыл да жалғасын тауып, 2018 жылдың 10-қазаны күні университеттің белсенді жастары Қызылорда қаласындағы Қарттар үйіне және университеттің ардагер ұстаздарының үйлеріне барды. Іс-шара барысында университет студенттері ән-жырдан шашу щаып қариялардың көңіл-күйін көтерді. Аула тазалығын жүргізді және қариялардың ұлағатты әңгімелерін тыңдап, батасын алды. Мейірімділік пен ізеттілікке тәрбиелейтін мұндай шаралар үздіксіз жалғасын табады.

 

JoomShaper