Елбасы Жолдауы – жастар назарында

9-қазан күні Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің дайындық курстарының ұлты қазақ шетел азаматтарынан құралған оқу тобының тыңдаушылары «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылы Қазақстан халқына жасаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауымен танысты.

Оқу-көрме залында топ тәлімгері Ғ.Жәрімбет тыңдаушыларға Елбасының өмірі мен қызметі, әлемдік қауымдастықтағы орны, Тәуелсіз Қазақстанның әр кезеңдегі тарихынан ақпарат берді.
Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Т.Жарбулова тыңдаушыларды Елбасының кітаптарымен таныстырып, Жолдаудың негізгі басым бағыттарын және Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияланғандығын және жастарға Жолдауда айқындалған бәсекеге қабілетті болу шарттары түсіндірілді.

JoomShaper