Ұстаз аты - биік əрі мəңгілік

2018 жылы 4 қазан күні Инженерлі-экологиялық факультетінде Ұстаздар күніне арналған “Ұстаз аты - биік əрі мəңгілік” атты іс-шара өткізілді.

"Компьютерлік ғылымдар" кафедрасы ВТиПО-18-1п/я (тәлімгері А.О.Дәуітбаева), ВТиПО-18-3 (тәлімгері Ж.Ө.Иманова) топтары ұйымдастырған шараға Ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі П.Н.Пірназаров, кафедра оқытушылары және факультеттің 1,2,3-курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар оқытушыларды құрметпен қарсы алды. Студент Ш.Жұмағұлов “Ұстазым" əнін шырқады. Студенттердің кафедра оқытушыларына арнап жасаған бейнебаяны көрнекі шықты. Топ студенттерінің мерекелік құттықтау сөзі үш тілде жүргізілді.
Кафедра оқытушылары А.Б.Остаева, Н.А.Турлугулова мен Ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Н.П.Пірназаров ортаға шақырылып, сөз берілді және тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды.
1. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
2. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қатар қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
ВТиПО-18-1п/я, ВТиПО-18-3 топ студенттері флешмоб билеп, Н.Серікбаев “Жан ана" əнін шырқады.
Мерекелік іс-шарада білім алушылар өз өнерлерін паш етіп, көрермен қауымды қуанышқа бөледі.

JoomShaper