«Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу»

2018 жылдың 3 қазанында «Экономика және менеджмент» кафедрасына қарасты Эк-18-1 оқу тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Шара барысында ұстаздар қауымына алғыс айтылып, жыр шумақтары арналды. Сонымен қатар, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды.
Ұстаздар тарапы үлкен ризашылық білдіріп, студенттерге жақсы тілектер арнады.

 

JoomShaper