«Жақаев ізбасарлары»

Кешегі өткен аптада Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойы тойланды. Осыған байланысты Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында Қармақшы ауданының әкімдігімен және «Ақтөбе и К» ЖШС компаниясының демеуімен «Жақаев ізбасарлары» атты еңбек тынығу лагері ұйымдастырылды . Лагерге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Қазақстан студенттер альянсі» студенттері қатысты.

«Жақаев ізбасарлары» облысымызға белгілі іс-шара, яғни жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, елжандылыққа баулуға, жастардың арасында достық қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайтуға және болашақ жас мамандарды ауылға жұмысқа шақыруға бағытталды.
Үш күнге созылған лагерде университетіміздің белсенді студенттері ауыл өмірімен танысып, қора тазалап, күріш жинап, жиналған мая шөптерді өртеп бірәз еңбек етті. Солардың ішінде «Электр энергетикасы және Өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының БЖ тобынан Жұмахан Нұрай, Мәстетбай Қуаныш, Төлепберген Аққанат өздерінің ауыл өміріне қызығушылығын еңбектерімен дәлілдеп, кафедраның мақтанышына айналды.
Лагердың соңғы күнінде барлық студенттер қатысқандары үшін марапаттау сертификатына ие болды. Төлепберген Аққанат бір топ студенттермен бірлесіп жасаған бизнес планы үшін бірінші орынды иеленді. Барлық студенттер риза болып, өздерінің позитифті эмоцияларымен бөлісті.

JoomShaper