Орбұлақ шайқасы – Отан тарихының жарқын белесі

2018 жылдың 28-інші қыркүйегінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-оқу ғимаратында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Орбұлақ шайқасы: тарихи маңызы мен тағлымы» атты ғылыми тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға профессор-оқытушылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері және жас ғалымдар мен университеттің білім алушылары қатысты. Ғылыми шараның мақсаты – ұлт тарихындағы маңызы зор шайқасты өскелең ұрпаққа жеткізу, Салқам Жәңгір мен Самарқан әмірі Жалаңтөс Баһадүрдің жоңғарларға қарсы соғыстағы ерен ерлігінің маңыздылығын ұғындыру.
Конференцияда баяндама оқыған профессорлар Өтеубай Қожақұлы мен Меруерт Нағметқызы, Алдажар Әбдірәсуллеұлы ХVII-ХҮІІІ ғ. Қазақ-жоңғар қатынастары, қазақ-жоңғар арасында болған шайқастар, олардың зерттелуі, қазақ тарихындағы батырлық пен ерлік және әдебиет мәселесін кеңінен талқылады.
Конференцияны филология, тарих және құқық факультетінің деканы Сағат Тамшыбайұлы Тайман қорытындылады.

JoomShaper