Мемлекеттік қызмет мектебінің кезекті дәрісі өтті

2018 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Б.Байходжаев «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасына қатысушы университеттің белсенді студенттерімен кездесіп, дәріс өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы бірлесе отырып,дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қабырғасында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылған.
Мемлекеттік қызмет мектебі оқу ордаларының бітіруші студенттерін мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізуді қарастырады. Бұл тәсіл түлектердің қызметке орналасуы кезінде таңдау жасауына ықпал етеді.
Жоба барысында қатысушылардың алдымен мемлекеттік заңнама бойынша білімі тексеріліп, одан әрі мемлекеттік қызметкердің келбеті туралы эссе, ой-толғаулары талданып, соңында қатысушылардың жеке көшбасшылық және өзге де айрықша қасиеттері таразыланды.
Келесі кезеңде қатысушылар Қызылорда облысының мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында мемлекеттік қызметкерге қажетті білім-ғылымды меңгереді. Ал осы орталықтан алған білімін тәжірибе жүзінде Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында арнайы тағылымдамада пайдаланатын болады. Қатысушылар болашақта биік белестерді бағындырып, тек заң аясында және ел мүддесіне адал қызмет ететіне сенеміз.

 

JoomShaper