Қорқыт Ата атындағы ҚМУ үздіктер қатарында

2018 жылдың 21-ші қыркүйегінде Астанада Қазақстанның 2018 жылдағы үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісі нәтижелері бойынша сертификаттар тапсырудың Салтанатты рәсімі өтті.

Институционалды рейтингі нәтижесі бойынша көпсалалы жоғары оқу орындары категориясында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 9-шы орынды иеленді.
Рейтинг нәтижесі бойынша біздің университетіміздің 9 білім беру бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды:
1. 5В011100 - Информатика – 3 орын
2. 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі - 3 орын
3. 5В040400 – Дәстүрлі музыкалық өнер - 1 орын
4. 5В040900 - Хореография -2 орын
5. 5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану - 2 орын
6. 5В080600 - Аграрлық техника және технология - 2 орын
7. 6М011300 -Биология– 3 орын
8. 6М011400 –Тарих– 3 орын
9. 6М080500 - Су ресурстары және суды пайдалану - 2 орын
Университет ұжымын рейтингке қатысып, жақсы нәтижеге жеткені үшін құттықтаймыз!
Осы нәтижелер жаңа жетістіктер мен жеңістер үшін бастапқы нүкте болсын!

JoomShaper