«Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингіне Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті (Алматы қ.) мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2-3 курстары арасынан оқу озаттары, белсенді студенттері қатысты. Тренинг барысында философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы "Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол" атты Елбасы мақаласын талдап, осы жолда жүйелі істердің орындалуына үлес қосуға шақырды. Сабақ барысында Қазақстанның тарихи жолы мен эволюциялық дамуы да сөз болды.

Бәсекеге қабілеттілікті, жеке және командалық тиімділікті арттыру жолдарын толығымен ашып көрсету мақсатында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Исинова Күнсұлу Серікқызы командалық ойындар, психологиялық жаттығулар арқылы өте тартымды, қызықты өткізді.
Алғашқы күннің екінші жартысында ҚР Ұлттық мұражайына, Елбасының мұражайына экскурсия жасап, құнды жәдігерлермен танысты.
Семинар-треннингтің екінші күні топ-топқа бөлінген студенттер өздеріне берілген түрлі тақырыптар бойынша жобаларды қорғап, ой-пікірлермен ортаға салды. Сабақ барысында ҚР тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасының директоры, саясат ғылымдарының докторы, профессор Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы студенттердің сабақтарына қатысып, семинар-тренингтің мақсаты туралы қысқаша түсіндіріп, жастарға сəттілік тіледі. Сондай-ақ жастар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың тарих ғылымының докторы, профессор Шаяхметов Нұрбек Уахапұлымен кездесті.
Тренинг барысында студенттерге «Әлеуметтік желідегі ең үздік жарияланым» байқау ұйымдастырылды. Байқау барысында 45 қатысушының арасынан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттері топ жарып, жеңімпаз атанды. Олар педагогикалық факультетінің студенттері Оразова Гүлзат Д-15-1 оқу тобы, Жұматай Нұржайна МО-16-1 оқу тобы жəне инженерлі экономикплық факультетінің студенті Мағауия Салтанат ХТН-16-1 оқу тобы. Жеңімпаздар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапхана Директорныңы мадақтама қағазы мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Екі күндік семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
12-13 қыркүйек 2018 жыл

 

JoomShaper